AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Аптап ыстық, бұршақ, дауыл"

"Аптап ыстық, бұршақ, дауыл"

Әлеумет 10.07.2024, 08:01 820
"Аптап ыстық, бұршақ, дауыл"
Сурет: Қайрат Қонысбаев

Еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды.

"Қазгидромет" РМК 10 шілдеде Алматыға және Қазақстанның 13 облысына дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы облысының таулы аумақтарында аздап қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ түсуі де ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батысқа оңтүстік-батыстан ойыса соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды. Қонаевта күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батысқа оңтүстік-батыстан ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Алматыда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп болжанады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл маңында 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады: +38...+42 °C . Ақтауда: +39 °C.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың шығысында, солтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде күндіз нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Атырау облысының шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша аптап ыстық болады: +35 °C. Атырауда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының батысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсіп, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде солтүстік-батыстан соққан күндізгі желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, қатты жел тұрады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Орал қаласында күндіз найзағай болады деп күтіледі. Күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болмақ. Өрт қаупі жоғары.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бұршақ #Дауыл #ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика