AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Антикор Төрағасы А. Жұмағали Бас прокуратура жанын...

Антикор Төрағасы А. Жұмағали Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының курсанттарымен кездесті

Әлеумет 12.03.2024, 14:28 1,178
Антикор Төрағасы А. Жұмағали Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының курсанттарымен кездесті
Сурет: Антикор

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіптік даярлықтың үшінші легінің тыңдаушыларымен кездесті.


Әңгімелесу барысында Агенттік Төрағасы органның қызметіне және елдегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан жүйелі шараларға тоқталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Ол мемлекеттік органдардың қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және талдау мәселелеріне, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы ағарту және қоғамда жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыстарға ерекше назар аударды. Сондай-ақ, А. Жұмағали заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару және жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әлемдік стандарттары енгізілетін заңнамалық бастамаларды іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар туралы айтып берді.



«Біздің жұмысымыз қызықты. Агенттікте аналитикалық әлеует жақсы дамыған, талдаушылар бар. Біз мемлекеттік органдармен бірге жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау, ішкі мониторингтер жүргізіп, жемқорлықтың себептері мен шарттарын ашамыз. Негізгі мақсат – қалыптасқан жемқорлық схемаларға кейіннен басқа шенеунік келіп отырмауы үшін бар схемаларды ашу. Яғни, егер біз қылмысты анықтасақ, соңына дейін жетуіміз керек, неге жасалғанын біліп, осы схемалар бұдан әрі жұмыс істемеуі үшін тиісті шаралар қабылдау керек», - деп атап өтті Асхат Жұмағали.



2023 жылдың соңында Академияда іріктеудің құжаттарды қабылдау, әңгімелесуден, әскери-дәрігерлік комиссиялардан, полиграфологиялық тексеруден өту, емтихан тапсыру кезеңдерінен өткен 50 курсант оқиды Барлығы 546 өтінім берілді, яғни 10 адам бір орынға үміткер болды. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап курсанттар бір айлық тағылымдамадан өту үшін Агенттіктің аумақтық департаменттеріне жіберіледі.


Практикалық сабақтар аяқталғаннан кейін олар Академияда соңғы курстан өтіп, содан кейін тұрақты қызметке жіберіледі. Кездесу қорытындысы бойынша Асхат Жұмағали тыңдаушыларға табыс тілеп, халық пен мемлекеттің игілігі үшін адал және лайықты қызмет атқаруға шақырды. Ол олардың әрқайсысының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ортақ іске қосатын үлестерінің маңыздылығын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#антикор #Жемқорлық #прократура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);