AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Антикор жол құрылысы саласындағы жемқорлық тәуекел...

Антикор жол құрылысы саласындағы жемқорлық тәуекелдерін талдайды

Әлеумет 11.06.2024, 11:23 1,025 Almaty-akshamy.kz. 
Антикор жол құрылысы саласындағы жемқорлық тәуекелдерін талдайды
Антикор

Мемлекет басшысының жол саласындағы жемқорлықты жою жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Көлік министрлігі бірлесіп жол құрылысы саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізетін болады6 деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали мен Көлік министрі Марат Қарабаев ағымдағы жылдың 10 маусымында өткен бірлескен кеңесте талдау барысында шешілуі қажет өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылады.

Соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 64 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеп, 70 адамды әшкереледі. Бұл әрекеттердің салдарынан мемлекетке 8,8 миллиард теңге залал келтірілді, оның ішінде 38 адам сотталды. Негізгі қылмыстар парақорлық, жымқыру және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілерімен байланысты.

Асхат Жұмағалидің айтуынша, "Жол жұмыстары сапасының төмендігі құрылыстың барлық кезеңдерінде, соның ішінде бюджеттік жоспарлау, жобалау, сметалық жоспарлау, жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасы, техникалық қадағалау, қабылдау және пайдалануды бақылау кезеңдерінде жүйелі жемқорлық тәуекелдерімен байланысты."

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жол саласына бөлінген барлық қаражатты жоспарлау және жұмсау үдерістері мұқият зерделенетін болады. Сондай-ақ, жол құрылысының халықаралық тәжірибесі, атап айтқанда, Гонконг, Сингапур және Қытай елдерінің тәжірибесі талданады. Талдау нәтижелері бойынша жол құрылысының барлық кезеңдерінде жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу шаралары қабылданады. Ғылыми қауымдастықпен бірлесіп құрылыстың жаңа технологияларын енгізу тетіктері әзірленіп, ұсынылатын болады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жол құрылысы саласындағы жағдайды жақсарту бойынша кешенді шараларды белгіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#антикор #Жемқорлық #сыбайлас #Жол құрылысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);