AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Әншуағым-мерекем»

«Әншуағым-мерекем»

Мәдениет 10.12.2024, 15:17 734 Рая Ескендір
«Әншуағым-мерекем»
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Еліміздің  балалары үшін Оқу-ағарту министрлігі айрықша тарту жасап,  алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күнінде  қазақ тіліндегі балалар әндерінің  фестивалі  басталған еді.  Тұңғыш рет ана тілінде өтіп отырған мұндай фестиваль біздің елімізде  жоққа тән.  Сонымен қатар, аталмыш фестиваль -ең алдымен  балалар мен жасөспірімдерге  рухани-адамгершілік және азаматтық тәрбие беруде тиімді құрал іспетті.

 «Әншуақ» фестивалі балалардың таланттарын ашуға мүмкіндік берумен қатар, олардың бойына патриоттық сезімді дарытады. Байқау барысында балалар   еліміздің тарихи- мәдени құндылықтарын да қоса  насихаттайды. Сондықтан осынау шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқара бастағанын да айта кетуіміз орынды.  Жалпы, біз өскелең ұрпақтың бойына  тарихи, рухани, мәдени құндылықтар негізінде  адами қасиеттерді  сіңіру туралы көп айтамыз. Осы бағытта  тәрбиелеу «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының  басты міндетті.  Аталмыш фестиваль жас патриоттарды тәрбиелеуге көмектесетін ән мерекесі.   Сондай-ақ, балаларды көпшілік алдында  еркін сөйлеуге де үйретеді. Сонымен, дәл қазір  елімізде «Әншуақ-2024» балалар әндерінің екінші республикалық челленджі басталып, оған  6-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса бастады. Мұндағы басты мақсат-балалар қазақ тіліндегі әнді жанды дауыста орындап, бейнежазбасын #Әншуақ-2024 хэштегімен TikTok-та жариялауытиіс.   Қазірдің өзінде балалар орындаған бейнероликтер 200 мыңнан астам қаралым жинап отыр. Мәселен, «Әншуақ» балалар әндерінің челленджі алғаш рет 2024 жылдың 1 ақпаны мен 1 маусымы аралығында өтіп, жеті ай ішінде 12 мыңнан астам жарияланым және 12 миллионнан астам қаралым жинаған болатын.  Еліміздің әр өңірінде «Ореn Air» форматында  ең танымал балалар әндері шырқалған еді.

«Жаңа оқу жылы басталғалы бері осы идеямен шабыттанған 5 мыңға жуық мектеп оқушысы челленджге қосылды. Олар бейнежазбаларын «Әншуақ-2024» хэштегімен TikTok-та жариялап, өздері орындаған балалар әндерін «Қазақ радиосына» жолдап жатыр.  Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан  бастап «Қазақ радиосында»  «Әншуақ радио-фестивалі» айдары ашылды. Бұл бүкіл Қазақстанның түкпір- түкпіріндегі балалардың басын біріктіретін шығармашылық толқын. Қатысушылар тек ән орындап қана қоймай, сол әндердің өз өмірінде алар  маңызы туралы  ойларымен де бөліседі», - дейді «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» директоры Раиса Шер. 

 «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әні фестивалінің Гала-концерті 2025 жылғы 1 маусымда Астана қаласында өткізіледі. Республикалық қазылар алқасы 2025 жылдың сәуірінде қазақ тіліндегі балалар әндері орындаушылары қатарынан челлендж кезінде 

- Tik-Tok әлеуметтік желісінде ең көп қаралған қазақ тіліндегі танымал балалар әндерін,  Гала-концерт бағдарламасына қатысатын   ең жақсы әндерді анықтайды.

 Гала-концерттің барлық қатысушылары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдамалармен марапатталады.

 

 

                                                                                                                                                           

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әншуақ #фестиваль #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);