AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Анасын іздеп келген Жәнібек шетелге ұшып кетті

Анасын іздеп келген Жәнібек шетелге ұшып кетті

Әлеумет 31.12.2023, 08:44 1,800
Анасын іздеп келген Жәнібек шетелге ұшып кетті
Сурет: instagram.com/muratsaveliev/

Испаниядан Қазақстанға анасын іздеп келген Жәнібек есімді 21 жастағы жас жігіт (қазіргі құжатында Эдди Жан, – ред.) шетелге ұшып кетті. Ол жолға шығар алдында әлеуметтік желіде жазба қалдырды.



Құрметті қазақстандықтар! Өздеріңіздей қонақжай, мейірімді халықпен танысуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін және қолдау танытқандарыңыз үшін мың алғыс! Мен Қазақстанның әр ұлына, қызына, анасына, әкесіне тәнтімін және ризамын! Достар, менің визамның уақыты аяқталды. Енді туған жерден кетуім керек. Бірақ мен жақын арада қайтып келемін. Мен туған анамды іздеуді тоқтатпаймын. Кеше Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясына менің атымнан сот отырысына қатысуға, маған қатысты кез келген мәлімет алуға, менің атымнан арыз, өтініш, шағым жазуға заң бойынша толық рұқсат бердім, – деп жазды ол.



Жәнібек Қазақстанға келгенде анасын іздеуге көмектескен барша азаматқа алғыс айтты. Сонымен бірге ол өзі үшін қиын күндердің болғанын да жасырмады.



Қазақстанға келгелі қаншалықты эмоционалды күйде болғанымды көрдіңіздер. Мен үшін тым ауыр күндер болды. Енді мен өз-өзіме келу үшін өзіме біраз уақыт бөлуді жөн көрдім. Сондықтан Испанияға бірден қайтпаймын. Бірер күн Тайландта боламын. Ойымды жинақтап, демалып алғым келеді. Әзірге көп мәліметті айта алмаймын. Бірақ бұл оқиға мен күткеннен де қиын сияқты...
Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы 2002 жылғы қаңтарда Арқалық қаласының перзентханасына ұлын тастап, қолхат жазып кеткен, архивтік ресми құжаттар негізінде менің туған анам болып саналатын әйел табылды. Ол әйелге қазір редакция екінші рет ДНҚ сараптамасын жасап жатыр. @kymbatdoszhan & @asel_asqarqyzy сіздер іздей беріңіздер! Алда көп жаңалық болады деп сенемін, – деді Жәнібек.



Ол әр қазақтың баласының өзіне бауыр екенін түсінгенін айтты.



Қазақстаным, рахмет саған, туған ел! Ең бастысы, мен бұл сапарымда туған жерімді таптым, туған еліммен қауыштым, әр қазаққа бала, бауыр екенімді түсіндім. Бәріңізді жақсы көремін. Амандықта жүздесейік! – деді ол.



Еске сала кетсек, бұған дейін бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласының Қазақстанға келіп, анасын іздейтіні туралы журналист Олжас Беркінбаев өзінің Facebook-тегі парақшасына жазған болатын. Одан кейін бұл ақпарат БАҚ-та тарап, іске бүкіл ел араласып кетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ана #бала #шетел #Жәнібек #Испания
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);