«Ана үйі» қоры жетім балаларды отбасына қабылдағысы келетін азаматтарға көмек көрсетеді

«Ана үйі» қоры жетім балаларды отбасына қабылдағысы келетін азаматтарға  көмек көрсетеді «Ана үйі» қоры

·  Алматыда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдап, қорғауға бағытталған бастамалар қарқынды дамып келеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Ұлттық бала асырап алу агенттігі» жобасының жетекшісі Фарида Рахметова Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізуге арналған жаңа заң жобасының маңыздылығы туралы айтты.

Ұлттық бала асырап алу агенттігі – бұл елімізде бала асырап алу мәдениетін дамытуға және кәсіби қабылдаушы отбасыларды қолдауға сегіз жылдан бері еңбек етіп келе жатқан «Ана үйі» қорының маңызды бөлігі. Қазіргі уақытта елімізде 20 кеңес беру кабинеті жұмыс істейді, онда қор мамандары жетім балаларды отбасына қабылдағысы келетін азаматтарға көмек көрсетеді. Тек Алматының өзінде осы жоба іске қосылғаннан бері 2 285 адам мамандардан кеңес алып, ал 818 азамат Қабылдаушы ата-аналар мектебінде дайындықтан өтті. Осы бағдарламаның нәтижесінде 105 алматылық отбасы 158 жетім баланы қанатының астына алды. 

«Он екі жыл ішінде интернаттық мекемелердегі балалар саны 10 мыңнан 4 мыңға дейін қысқарды. Алайда, кейінгі бес жылда бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалып отыр. Бұған басты себеп – жетім қалған балалардың көбі жасөспірімдер, ерекше қажеттіліктері бар балалар немесе жалғыз емес, бауырлары бар. Мұндай балаларды бала асырап алуға ниетті отбасыларға орналастыру қиынырақ», – дейді «Ана үйі» қорының психолог қызметінің жетекшісі Лаура Ақатаева.

    Осындай мәселені шешу үшін Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізетін заң жобасы әзірленген болатын. Құжат «Неке және отбасы туралы» Кодекске ресми түрде енгізілді.

 ·        Тақырыпқа орай 

Фарида РАХМЕТОВА, «Ұлттық бала асырап алу агенттігі» жобасының жетекшісі:

 Ата-аналар тереңдетілген даярлықтан өтеді

2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Ұлттық асырап алу агенттігі» кәсіби қабылдаушы отбасыларды енгізуге ерекше назар аударып келеді. Бұл – жаңа формат. Дәстүрлі қабылдаушы отбасылардан айырмашылығы, фостерлік ата-аналар тереңдетілген даярлықтан өтіп, кәсіби деңгейде жұмыс істейді. Олардың қызметі жаңа заңнамамен реттеледі және мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсету қарастырылған. Сонымен қатар, бұл жүйе қорғаншылық және қамқоршылық органдары тарапынан тұрақты бақылауды көздейді. Ата-аналар әр жарты жыл сайын баланың денсаулығы мен дамуы туралы есеп беруге міндеттеледі, ал мамандар бұл отбасылармен тығыз жұмыс істеуді жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:19

12:13

12:12

12:05

11:58

11:49

11:30

11:27

11:25

11:20

10:58

10:57

10:52

10:44

10:38

10:34

10:29

10:28

10:23

10:15

10:06

09:29

09:24

09:22

01:05