конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Америкалық ғалым Арал теңізі туралы кітап жазбақ

Америкалық ғалым Арал теңізі туралы кітап жазбақ

Әлем 14.06.2024, 14:30 1,649 dulatbekova
Америкалық ғалым Арал теңізі туралы кітап жазбақ
Сурет: nu2017.wordpress.com

Арал теңізі жайлы өз зерттеуін жүргізіп жатқан  америкалық ғалым кітап жазуды қолға алды.

Сара Кэмерон сол үшін Қазақстан мен Өзбекстанға аттанып, мәселені тереңірек қарастырмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін қазақ даласындағы ашаршылықты зерттеген ол «Ашаршылық жайлаған дала» атты кітабын жарыққа шығарған болатын. Қазақстанда бірнеше мәрте болған профессор: «Бір теңіздің екі жағалауының жағдайын көру тарихтың ең қызықты аспектілерінің бірі», дейді. Өзбекстан жағында су 1960 жылдары тартылса, Қазақстанда он жыл кейін тартылған. Бұның себептері әртүрлі. Жалпы Арал тақырыбында көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген. «Мысалы химиялық, физикалық жағынан еңбектер болғанымен, табиғи дағдарыс аймақтағы адамдарға қалай әсер еткені туралы бізде толық түсінік жоқ», - дейді ғалым. 

Сара Кэмерон, ғалым-сарапшы:

- Мен тұрғындардың көрген қасіретіне ғана емес, сол жерде өмір сүруге тырысқан әңгімелеріне назар аударғым келеді. Мені сол жердегі адамдардың ауызбіршілігі таңғалдырды. Халықтың дені тұрып жатқан қалаларын жақсы көреді, сонда қалғылары келеді. Туып өскен жері, ата-бабасының мекені олар үшін маңызды. Кітабымда жазғым келетін бір мәселе осы. Кейбіреулер жергілікті халықты апат аймағынан көшіріп тастайық деуі мүмкін. Бірақ бұл көзқарас дұрыс емес деп ойлаймын. Тұрғындар не қалайтынын білу керек. Жалпы аймақтағы миграция мәселесі әлі де зерттеуді қажет етеді. Қанша адамның қайда және қашан көшкені туралы мәліметтерді архивтерден жинауға тырыстым. Жалпы Арал тарихы америкалық аудитория үшін өте қызықты және маңызды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ғалым #америкалық #зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Ашықтық пен азаматтардың қатысуы артады»: халықаралық сарапшы Қазақстан Құрылтайының реформасын жоғары бағалады

Кеше 22:27

ӘЧ жұлдызы Возинья жаңа клуб тапты: Кабо-Верде қақпашысы Чилиге ауысады

Кеше 16:45

Дастан Сәтпаев "Челси" сапында 36-нөмірмен өнер көрсетеді

Кеше 15:19

Көкшетауда көлік жуу кешенінде 18 жастағы жігіт тоқ соғып, көз жұмды

Кеше 14:29

Әмірліктерде жүрген қазақстандықтар ұлттық жүргізуші куәлігін пайдалана алады

Кеше 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);