AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алтынсарин ескерткішінің параметрлері неліктен өзг...

Алтынсарин ескерткішінің параметрлері неліктен өзгертілді: Алматы әкімдігінің жауабы

Әлеумет 09.11.2022, 14:30 1,190
Алтынсарин ескерткішінің параметрлері неліктен өзгертілді: Алматы әкімдігінің жауабы
Сурет: Inform.kz

Ескерткіш былтыр ашылған


Алматы әкімдігі былтыр Ыбырай Алтынсаринге орнатылған ескерткіш параметрлерінің сәйкес келмеуіне қатысты мәселеге түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бұл Алматы қаласындағы 2021 жылда салынған 68 750 000 тг тұратын бабамыздың ескерткіші. Құжат бойынша биіктігі 750 см, шын мәнінде – 527 см. 223 см айырмашылықты ақшамен санасақ қанша болады екен?», - деп жазды Facebook-парақшасында «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов.



Оның айтуынша, ескерткіш тұғырының биіктігі 350 см, ал шын мәнінде – 177 см. Ескерткіштің өзі 400 см болуы тиіс, өлшегенде – 350 см.



«Айырмашылық небәрі 223 см болғанымен, материалдардың, соның ішінде көркемдік үшін қолданылатын OЦС-545 маркалы қоланың қымбаттығын ескерер болсақ, теориялық тұрғыда лайықты сома шығып тұр», - деп жазды ол.



Осыған байланысты ҚазАқпарат агенттігі қала әкімдігіне сауал жолдаған болатын.
Мынандай жауап алдық: «Ескерткіш ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығымен бекітілген монументалды өнер ғимараттарын орнату қағидаларына сәйкес орнатылды.
2021 жылғы 12 тамызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің монументалды өнер ғимараттарын орнату жөніндегі комиссиясының отырысында 3 эскиздік жоба қаралды. Нәтижесінде ескерткіштің эстетикалық келбеті туралы кейбір ескертулермен № 112200 эскиздік жоба мақұлданды.
Жоғарыда көрсетілген ескертулерді назарға ала отырып, 2021 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласының Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия Ы. Алтынсаринге орнатылған ескерткіш жанында көшпелі кеңес өткізді. Ескерткіштің ауқымы ғимараттың биіктігіне сәйкес келмеуі салдарынан тұғырдың көлемін 350 см-ден 165 см-ге қысқарту туралы комиссиялық шешім қабылданды. Бұл шешім көшпелі кеңестің хаттамасында тіркелген. Яғни, ескерткіштің биіктігі өзгерген жоқ, тұғыр қысқарды.
Әлеуметтік желілерде ескерткіштің биіктігі 350 см, ал тұғырдың биіктігі 177 см екендігі көрсетілген. Ескерткішті дайындау мен орнатуды «Aspantau Construstion» ЖШС жүзеге асырды.
Авторлардың ақпаратына сәйкес, ескерткіш техникалық сипаттамаға сәйкес OCS 545 маркалы қоладан жасалған. Тұғырдың биіктігі 165 см, ал фигуралар оның ажырамас бөлігі болып табылатын подиумды қосқанда 400 см.
Бастапқы критерийлер бойынша дайындалған тұғыр комиссияның шешімімен қысқарғаннан кейін қалған материал (тас) одан әрі пайдалануға жарамсыз болып шықты және әлі күнге дейін «Aspantau Construstion» ЖШС аумағында сақтаулы.
«Алматы қаласының мәдениет басқармасы бүгін ескерткішті бақылау өлшеуін жүргізіп, ғимарат авторлары көрсеткен параметрлерді растады».
Еске салайық, былтырғы 30 желтоқсанда Алматы қаласында көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ы. Алтынсаринге ескерткіш орнатылған болатын.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#алтынсарин #ескерткіш #әкімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Бүгін 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика