AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «Алтын орданың» жыры әлі біткен жоқ

«Алтын орданың» жыры әлі біткен жоқ

Заң мен тəртіп 23.08.2023, 05:26 830 Almaty-akshamy.kz. 
«Алтын орданың» жыры әлі біткен жоқ
Сурет: ашық дереккөз

 Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті маусым айында «ALTYN ORDA NEW COMPANY» ЖШС-де хронометраждық зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.


Нәтижесінде ЖШС 2022 жылдың 4 тоқсанына 530,4 млн теңгенің кірісін көрсете отырып, қосымша салық есептілігін тапсырды. Қосымша есептелген қосылған құн салығы - 63,6 млн. тг., корпоративті табыс салығы - 106,0 млн.тг. Өсімпұлды есептемегенде хронометраждық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке барлығы 169,6 млн. теңге түсті.


Тексеру барысында «ALTYN ORDA NEW COMPANY» ЖШС-де бақылау-касса машиналарын қолданбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырудың қосымша нүктелері анықталды (базарға кіру (қақпа) және бухгалтерия). Тексеру нәтижелері бойынша қосымша 4 бақылау-касса машинасы тіркелді.


Бүгінгі таңда «Алтын Орда» сауда базарында түсіндіру жұмыстарының нәтижелерімен жеке кәсіпкерлер ретінде 742 салық төлеуші және осынша бақылау-касса машиналары ерікті түрде тіркелді.


Одан бөлек, Алматы облысы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Алтын орда» базарында кәсіпкерлік қызметті салық органдарында тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша тақырыптық (рейдтік) тексеру жүргізілді. Рейд барысында 12 жеке тұлға анықталды. Материалдары сотқа жолданды.


Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері 3 салық төлеушініәкімшілік жауапкершілікке тартты:



- 1 салық төлеуші кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін;


- тауардың бағасын төмендетіп көрсетіп, аталған тауарды «Алтын орда» базарының аумағында өткізген 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);