AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алты өңірде «Ата жолы» картасын ресімдеу қызметі і...

Алты өңірде «Ата жолы» картасын ресімдеу қызметі іске қосылды

Әлеумет 31.12.2024, 10:03 1,305
Алты өңірде «Ата жолы» картасын ресімдеу қызметі іске қосылды
Сурет: Gov.kz

2024 жылы Қазақстанда FSM Social мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, қоныс аударушылар мен қандастарды жергілікті қоғамдастыққа бейімдеу және интеграциялау жөніндегі қызметтер едәуір кеңейтілді. Бұл қолданба 25 түрлі қызметті қамтиды әрі көрсетілетін көмектің нәтижесін Отбасының цифрлық картасы арқылы бақылауға болады. 12 мыңға жуық қандас пен қоныс аударушылар осы қызметтерді пайдаланып үлгерді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанның алты өңірінде пилоттық режимде migration.enbek.kz порталындағы мобильді қосымша арқылы «қандас» мәртебесін беру және «Ата жолы» картасын ресімдеу қызметі іске қосылды.

Заңнамалық бастамалар шеңберінде қоныс аударушыларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурстан тыс тәртіппен бес жылға дейінгі мерзімге алуға құқық беретін, сондай-ақ материалдық көмекті есептеу үшін шоттардан қаражат өндіріп алуға тыйым салатын түзетулер қабылданды. Тұрғын үй сатып алу және қала тұрғындарын ауылдық жерлерге көшіруді ынталандыру үшін экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру тетігін қайта қарауға бағытталған түзетулер әзірленді.

Сондай-ақ шетелдік мамандар үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі кеңейтілді, Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер үшін талаптар бекітілді.

Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығын қорғау үшін Қатармен екіжақты келісімге қол қойылды, Қазақстанды жұмысқа орналасуға рұқсаттар жүйесіне (Employment Permit System) енгізу жөніндегі Корея Республикасымен келісім белсенді пысықталуда, Ұлыбританиямен Еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум дайындалуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #қандас #ата жолы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);