AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алты млн отбасының деректері жиналған цифрлық карт...

Алты млн отбасының деректері жиналған цифрлық карта іске қосылады

Әлеумет 31.08.2022, 06:50 1,226
Алты млн отбасының деректері жиналған цифрлық карта іске қосылады
Сурет: Kazislam.kz

Картада 19,4 млн азамат туралы дерек жинақталған.


1 қыркүйектен бастап Әлеуметтік кодекс жобасы аясында Отбасының цифрлық картасы пилоттық режимде іске қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ақпараттық жүйе азаматтарға проактивті форматта, яғни алушының өтінішін күтпей көмек көрсетуді көздейді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетіп, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді


Ертең, 1 қыркүйектен бастап Әлеуметтік кодекс жобасы аясында Отбасының цифрлық картасы пилоттық режимде іске қосылады.



Отбасының цифрлық картасы – бұл әртүрлі мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға және оларға проактивті форматта кепілдік берілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.



Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, цифрлық картада 6 млн отбасына бөлінген 19,4 млн азамат туралы деректер жинақталған.


Отбасылардың әл-ауқаты 5 критерий бойынша айқындалады:


экономикалық өмір сүру жағдайы,


денсаулық сақтау қызметтерімен қамту және мүгедектігі бар адамдардың болуы,


тұрғын үй жағдайлары,


әлеуметтік жағдайлар,


білім беру қызметтерімен қамту және отбасы мүшелерінің білім деңгейі.


Отбасының цифрлық картасының жұмыс істеу алгоритмі былай: мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде, әлеуетті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін СМС-хабарлама жіберіледі. Келісім алғаннан кейін әлеуметтік жәрдемақы, төлем немесе мемлекеттік қолдаудың өзге де түрі тағайындалып, ақша көмек алушының банк шотына аударылады.


Жобаны іске асыру кезеңдері:


осы жылғы 1 қыркүйектен бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызметтер алу мүмкіндігі ұсынылды;


2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тізім әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен кеңейтіледі;


2024 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі;


2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрі қамтылады.


Отбасының цифрлық картасын пилоттық режимде іске қосуға дайындық барысында Еңбек министрлігі желісі бойынша мемлекеттік қызметтерге мұқтаж азаматтар анықталды. Ал 1 қыркүйектен бастап оларға проактивті қызмет көрсету үшін СМС-хабарлама жіберіледі.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#карта #азамат #Дерек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Бүгін 14:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);