Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алты елдің ақындары халықаралық поэзия фестиваліне...

Алты елдің ақындары халықаралық поэзия фестиваліне қатысады

Не? Қайда? Қашан? 26.09.2024, 09:23 967
Алты елдің ақындары халықаралық поэзия фестиваліне қатысады
Сурет видео скрині

Алматы қаласында 2024 жылы 26 қыркүйекте түркі әлеміндегі жас ақындардың халықаралық поэзия фестивалі өтеді. Оған Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Түрікменстанның ақындары қатысады.

Фестивальдің басты мақсаты – түркі әлемінің бірлігі мен мәдениетін нығайту, жас ақындардың шығармашылық көкжиегін кеңейту. Іс-шара ТҮРКСОЙ ұйымының, Алматы қаласы әкімдігі мен «Тұлға-Достық» қоғамдық қорының қолдауымен өтеді.

Фестиваль 11:00-де «Поэзия аллеясында» (Сейріков көшесі, 2а) салтанатты түрде ашылады. Онда ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркі мемлекеттері жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегіманов, Қырғызстан Жазушылар одағының төрағасы Қаныбек Иманалиев, Қазақстанның қоғам қайраткері, «Парасат» және «Достық» ордендерінің иегері Асылы Осман және басқа да зиялы зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жазушылар мен меценаттар сөз сөйлейді. 

Ал фестивальге қатысушы ақындар сағат 17:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында («Нұркент» шағын уданы, 6) өнер көрсетеді.

Қатысушылар: Мухиттин Гүмүш (Түркия), Арайлым Мұраталиева (Қазақстан), Дәурен Тілеухан (Қазақстан), Вильям Молотов (Қазақстан), Ерқанат Кеңесбекұлы (Қазақстан), Ырысгүл Изатова (Қырғызстан), Акжол Доранбек уулу (Қырғызстан), Канатбек Таалайбек уулу (Қырғызстан), Шухрат Ариф (Өзбекстан), Мансур Жумаев (Өзбекстан), Хулкар Шерзодова (Өзбекстан), Интигам Яшарұлы (Әзірбайжан), Хошгелдиева Махым (Түрікменстан).

Сонымен қатар, фестиваль барысында «Алатау серілері» ансамблі, Бибігүл Қилымхан, Әсет Есжан, Ерден Жақсыбек, сондай-ақ «Алатау» этно-фольклорлық ансамблі сынды қазақстандық танымал өнер ұжымдары мен орындаушылар әннен шашу шашады. 

Байланыс телефоны: 8 775 696 93 33, Шоқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алатау #Ақындар #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика