AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алтай Бердіқұлов мемлекеттік аудиттің алдын ала нә...

Алтай Бердіқұлов мемлекеттік аудиттің алдын ала нәтижелері туралы айтты

Әлеумет 28.09.2022, 08:38 1,137
Алтай Бердіқұлов мемлекеттік аудиттің алдын ала нәтижелері туралы айтты
Сурет: Vecher.kz

Ережелердің бұзылғаны анықталды.


Алматыда спорттық және шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру бойынша қоғамдық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Аталмыш шараға Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Рақышев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, жұмыс тобының мүшелері, қызмет жеткізушілерінің өкілдері және басқалар қатысты. 


Алтай Бердіқұловтың сөзіне жүгінсек, мемлекеттік аудиттің алдын ала нәтижелері бойынша мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды қаржыландыру және орналастыру ережелері бұзылғаны анықталды. 


Спикер орын алған фактілер туралы айтты:


- жоқ ЖСН-ге берілген ваучерлердің саны едәуір (2,5 мыңнан астам)


- басқа өңірлерде тіркелген балалардың ваучерлер алуы (18 мыңнан астам);


- бұрын Алматыда тұрған, бірақ тіркеуден шығарылған балаларға ваучерлер беру (тұрақты тұруға кетуге, тіркеу орнын ауыстыруға және т.б. байланысты)


- сонымен қатар, 4 жасқа дейінгі балаларға спорттық секцияларға ваучерлер беруге рұқсат етілді (150 факт). 


Қазіргі уақытта қолда бар ақпарат бойынша бюджет қаражаты есебінен жалған қызметтер мен Алматы қаласында тіркелмеген балалар үшін 2,5 млрд астам теңгеге төлем жүргізілген. 


Сонымен қатар, ақпараттық платформаны әзірлеушіге мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды орналастыру ережелеріне сәйкес artsport.edu.kz мыналарды ұсынуы тиіс: ақпараттық қауіпсіздікке сынақтардың сәтті нәтижесі туралы акт; білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау. 


Сондай-ақ, әзірлеушіге мәліметтерді орналастыру бойынша функционалдың сәйкестігіне техникалық аудит жүргізуге қолжетімділікті қамтамасыз ету талап етіледі: 


1) спорт секцияларына сұраныс туралы;


2) мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру жоспары туралы;


3) қаржыландыру жоспарының ай сайын орындалуы туралы;


4) спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелердің рейтингі туралы;


5) оператор ұйымдастыратын тегін іс-шаралар күнтізбесін ұсынады;


6) жеткізушілерден орындарды босату хронологиясы;


7) ваучерлерді беру хронологиясы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт #комиссия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда мемлекеттік қызмет жүйесін қалай реформалайтынын айтты

Бүгін 11:30

Алматы қаласы Әуезов ауданы #202 мектеп-гимназиясында “Соңғы қоңырау” салтанатты мерекесі өтті

Бүгін 11:01

Алматы оқушылары республикалық олимпиадада бірінші орын иеленді

Бүгін 09:58

Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді жауапты дамытудың үлгісіне айналуы тиіс

Бүгін 09:24

Алматы әуежайына кіру сызбасы өзгерді

Бүгін 09:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);