AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Alphard көлігімен "такси жүргізушісі" болуға тыйым...

Alphard көлігімен "такси жүргізушісі" болуға тыйым салынады

Заң мен тəртіп 05.02.2026, 14:34 340 Сұлу
Alphard көлігімен "такси жүргізушісі" болуға тыйым салынады
Сурет: жасанды интеллект

Былтыр Алматы облысында Toyota Alphard маркалы көліктердің кесірінен 374 адам жол апатынан қаза тапқан. «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің отырысында жауапты органдар жол апатын азайту үшін қандай шаралар қабылдағаны туралы айтылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап.

«Такси операторлары — Yandex және inDrive компанияларымен бірлесіп, техникалық тексерістен өтпеген көліктер мен рөлі оң жақтағы автокөліктерді, яғни Alphard-ты, такси қызметіне жібермеу туралы келісімге келдік. Мұндай көліктермен такси жүргізушісі болып жүргендер заңсыз жұмыс істеп отыр», — деді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Оның айтуынша, мұндай жұмыстар жергілікті әкімдіктер тарапынан да жүргізіледі.

«Көлік тіркелгеннен кейін техникалық тексерістен уақытылы өтуі тиіс. Сонымен қатар, жүргізушілер жылына екі рет медициналық тексеруден өтіп отыруы қажет. Қазіргі таңда пилоттық режимде Астанадағы автобус паркінде онлайн медициналық тексеріс енгіздік, алдағы уақытта оны бүкіл елде таратуды жоспарлап отырмыз», — деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, республикалық автожолдарда орташа жылдамдық режимі төмендетілген. Нәтижесінде жол апаттарының саны 15 пайызға азайды, деп атап өтті Қалиақпаров.

Ал Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров қазақстандықтар такси қызметі арқылы табыс тауып отырғанын еске салып, шешім қабылдарда олардың да мүддесін ескеру қажет екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін біз Alphard неге "өлім көлігі" атанғанын саралаған едік. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #Такси #Жол апаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Кеше 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Кеше 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Кеше 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Кеше 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Кеше 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);