AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды Алматыны қысқы маусымға дайындау...

Дархан Сатыбалды Алматыны қысқы маусымға дайындау және құрылыс жұмыстарына бақылауды күшейтуді тапсырды

Алматы Бүгін 16:25 36
Дархан Сатыбалды Алматыны қысқы маусымға дайындау және құрылыс жұмыстарына бақылауды күшейтуді тапсырды
Алматы әкімдігі

Қаланың санитарлық жағдайы да назардан тыс қалмады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды кеңейтілген аппараттық кеңесте қаланың қысқы маусымға дайындығын пысықтап, коммуналдық қызметтің жұмысын күшейтуді тапсырды. Жиында сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапасы, жолды қалпына келтіру, медициналық қызмет көрсету және су басудың алдын алу мәселелері қаралды.

Жиында тұрғындардың денсаулық сақтау саласына қатысты шағымдарына ерекше назар аударылды. Қала басшысы медициналық қызмет сапасына байланысты өтініштерді жан-жақты әрі объективті талдауды тапсырды. Бұл ретте мемлекеттік медициналық мекемелерге, жекеменшік клиникалар мен стоматологиялық ұйымдарға қатысты шағымдарды жеке қарастыру қажеттігін атап өтті.

Кеңес барысында Алматыда медициналық көмекке жүгінетін науқастардың шамамен 34%-ы Алматы облысының тұрғындары екені айтылды. Осыған байланысты тиісті басқармаға медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, аурулардың алдын алу және халықты вакцинациялау жұмыстарын жалғастыру міндеті жүктелді.

Қаланың санитарлық жағдайы да назардан тыс қалмады. Жауапты мамандардың мәліметінше, арық жүйесіндегі 129 проблемалық учаскенің 125-і ретке келтірілген. Қалған төрт учаскеде жұмыстар жалғасып жатыр. Дархан Сатыбалды су басу мәселесін кешенді түрде шешу қажеттігін айтып, жаңбыр суын жинауға және бұруға арналған арнайы резервуарлар салу мәселесіне назар аударды.

Қысқы маусымға дайындық аясында мердігер ұйымдар 115 арнайы техника, ал «Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіпорны 200 техника сатып алған. Көктайғаққа қарсы қолданылатын материалдардың қоры толық жасақталған.

Жауын-шашын кезінде қалада жалпы саны 1 579 адамнан тұратын 85 жедел бригада кезекшілік атқарады. Олардың қарамағында 415 техника, 97 мотопомпа және 5 мыңға жуық құм салынған қап болады. Қажет жағдайда коммуналдық кәсіпорындар, мердігер ұйымдар, қалалық құтқару қызметі мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылады.

Сонымен қатар кеңесте Алматы аудандарындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы қаралды. Қала әкімі жұмыстың белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуды талап етті.

Дархан Сатыбалды жер қазу жұмыстары жүргізілген аумақтардағы жол жабындары мен аула аумақтарын биылғы 30 қарашаға дейін толық қалпына келтіруді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласының 30 жылға арналған даму жоспары талқыланды

Бүгін 16:15

Алматыда түрік суретшісі Ахмет Өгретеннің халықаралық көрмесі өтеді

Бүгін 16:13

Қазақстан чемпионатында Алматы құрамасы таеквондодан 15 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:07

"Қарқынды құрылыс": Қашаған зауытында ТМД елдерінде баламасы жоқ жабық факел жүйесі қолданылады

Бүгін 15:57

"Қарқынды құрылыс": Түркістандағы бу-газ станциясы: Құрылысқа шетелдік мамандар тартылған

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);