Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Өлім көлігі" атанған Alphard: мәселе автокөлікте...

"Өлім көлігі" атанған Alphard: мәселе автокөлікте ме, әлде жол қауіпсіздігі жүйесінде ме?

Әлеумет 12.01.2026, 17:09 366
"Өлім көлігі" атанған Alphard: мәселе автокөлікте ме, әлде жол қауіпсіздігі жүйесінде ме?
Сурет: жасанды интеллект

Кейінгі жылдары Toyota Alphard автокөлігінің қатысымен болып жатқан жол апаттары толастамай кетті. Бірқатар ауыр жол-көлік оқиғасынан кейін халық арасында бұл минивэн "өлім көлігі" аталып кетті. Ауыр жол апаттарына шынында Alphard "айыпты" ма, әлде басқа мәселе бар ма? Тақырыпты Aqshamnews.kz тілшісі талдап көрді. 

Депутаттар не ұсынады?

Alphard-ты, әсіресе, оң рульді нұсқаларын пайдалануға тыйым салу керек пе деген мәселе күн тәртібіне шыққанына біраз болды. 2025 жылдың соңына таман Мәжіліс депутаты  Ерлан Саиров Ішкі істер министрлігін Toyota Alphard көліктерін пайдалануға шектеу қою немесе толық тыйым салу мүмкіндігін қарастыруға шақырды. Оның айтуынша, бұл модель ауыр жол апаттарында жиі аталады. Сондай-ақ, депутат 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап такси қызметінде оң рульді автокөліктерге тыйым салынғанын, алайда бұл талаптың орындалуы әлсіз екенін атап өтті.

Сарапшылар пікірі: мәселе бір көлікте емес

Автосарапшы Асылхан Айдосұлының пікірінше, нақты бір автокөлік моделіне тыйым салу жол-көлік оқиғаларының алдын алмайды. Оның айтуынша, негізгі қауіп жүйелік проблемаларда жатыр. Атап айтқанда:

  • заңсыз және бақылаусыз қалааралық тасымал;

  • жүргізушілердің кәсіби дайындығы мен тәжірибесіне қойылатын талаптардың әлсіздігі;

  • техникалық бақылаудың жеткіліксіздігі;

  • жол инфрақұрылымының қауіпті учаскелері;

  • бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

Сарапшы оң рульді көліктердің, әсіресе екі жолақты трассаларда басып озу кезінде қауіпті екенін жоққа шығармайды. Алайда оның пікірінше, басты шешім:

  • тасымалмен айналысатын жүргізушілерге қатаң талаптар енгізу;

  • коммерциялық көліктерді тұрақты техникалық тексеруден өткізу;

  • қарсы бағыттарды бөліп тұратын физикалық жол бөлгіштері бар трассаларды көбейту.

"Жолда нақты бөлгіштер болмайынша, адам факторы апатқа әкеле береді", - дейді сарапшы.

Неге тыйым нәтиже бермей отыр?

Мамандардың айтуынша, заңсыз қалааралық тасымалдың сақталуына сұраныстың жоғары болуы және баламаның аздығы әсер етіп отыр. Көп өңірде тұрақты, ыңғайлы әрі қолжетімді автобус бағыттары жеткіліксіз. Осы себепті жолаушылар бейресми тасымалдаушылар қызметіне жүгінуге мәжбүр. Мұндай жағдайда формалды тыйымдар мен жылдамдықты бақылау камералары мәселені түбегейлі шеше алмайды.

Жалпы ЖКО статистикасы не көрсетеді?

Qamqor.gov.kz сайтының құқықтық статистикасына сай, 2026 жылдың 1 қаңтар-11 қаңтар аралығында  436 ЖКО тіркелген. Оның 28-і өліммен аяқталған. Ескерте кететіні, бұл дерек біз қозғап отырған көлік маркасына қатысты емес. Дегенмен, жыл басталысымен Алматы облысында болған (6 қаңтар күні) жантүршігерлікжол апатында тағы да Toyota Alphard аты аталды. Жүргізуші көлікке ие бола алмай, аударылып қалған. Салдарынан өзі тіл тартпай кетіп, екі жолаушы ауруханада көз жұмған. Қалған үш жолаушы ауыр жарақаттанған.

Осы он күн ішіндегі көрсеткіштер белгілі бір автокөлік моделінің қауіптілігін емес, жалпы жол қауіпсіздігі ахуалын сипаттайды.

Өңірлер бойынша ЖКО ахуалы

Жол-көлік оқиғалары ең көп тіркелген аймақ:

  • Алматы қаласы - 94 ЖКО (22%)

  • Ақтөбе облысы - 42 (10%)

  • Астана қаласы - 41 (9%)

  • Атырау облысы - 38 (9%)

  • Жамбыл облысы - 29 (7%)

2026 жыл басталғалы тіркелген 436 жол апатының 387-сі жүргізушілердің кінәсінен болған. Бұл жол қауіпсіздігіндегі негізгі тәуекел - адам факторы екенін көрсетеді.

Өліммен аяқталған ЖКО үлесі жоғары өңірлер

  • Ұлытау облысы - 100%

  • Түркістан облысы - 53,8%

  • Солтүстік Қазақстан облысы - 28,6%

  • Алматы облысы - 27,3%

Ал Алматы, Астана және Шымкент қалаларында көрсетілген кезеңде тіркелген ЖКО ішінде өліммен аяқталған жағдайлар тіркелмеген.

Қандай шешім қажет?

Депутаттар мен сарапшылардың пікірінше, Ішкі істер министрлігі мен профильді ведомстволар:

  • заңсыз тасымалмен күресті күшейту;

  • жүргізушілердің стажы мен кәсіби дайындығын қатаң тексеру;

  • коммерциялық көліктерге жарты жылда бір рет міндетті техбайқау енгізу;

  • жол инфрақұрылымын қауіпсіз ету бойынша кешенді жоспар ұсынуы тиіс.

"Апат айтып келмейді". Дегенмен сақтықта қорлық жоқ. Toyota Alphard төңірегіндегі пікірталас қоғамдағы жол қауіпсіздігі мәселесіне назар аударуды қажет етеді. Қолда бар деректер мен сарапшылар пікірі көрсеткендей, мәселе бір ғана автокөлік моделінде емес. Жолдағы қайғылы жағдайларды азайту үшін жүйелі, кешенді реформалар қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Toyota Alphard #өлім көлігі #ЖКО
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі