Toyota Alphard көлігі 2024 жылғы 17 тамызда кезекті жол апатына түсіп, бірден алты адамның өмірін қиғаннан кейін «ажал көлігі» атанды. Төменде соңғы бес жыл ішінде осы көліктің қатысуымен болған жол апаттарының мәліметтерін ұсынамыз.
- 2020 жылғы ақпан — Самара-Шымкент тас жолында Toyota Alphard көлігімен болған жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды;
- 2020 жылғы тамыз — Ақтау-Жаңаөзен тас жолында Toyota Alphard көлігімен болған жол апатынан төрт адам қаза тапты;
- 2021 жылғы мамыр — жедел жәрдем көлігі мен Toyota Alphard көлігі қиылыста соқтығысты, жедел жәрдемде жүкті әйел болған;
- 2022 жылғы ақпан — Орал-Атырау тас жолында Toyota Alphard көлігінің аударылуынан бір адам қаза тауып, тағы бірі ауруханаға жеткізілді;
- 2022 жылғы сәуір — Самара-Шымкент тас жолында Toyota Alphard көлігінің қатысуымен болған жол апатынан жеті адам жарақат алды;
- 2022 жылғы маусым — Жетісу облысында Toyota Alphard көлігінің қатысуымен болған жол апатынан екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға жеткізілді;
- 2022 жылғы шілде — Ақтөбе облысында Toyota Alphard көлігімен болған жол апатынан бір адам қаза тапты.
- 2022 жылғы қазан — Жамбыл облысында Toyota Alphard пен автобус соғысып, жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды;
- 2022 жылғы қазан — Павлодар облысында Toyota Alphard көлігімен болған жол апатынан зейнеткер қаза тапты;
- 2023 жылғы ақпан — Батыс Қазақстан облысында Toyota Alphard көлігімен болған жол апатынан екі адам қаза тапты;
- 2023 жылғы ақпан — Самара-Шымкент тас жолында Toyota Alphard көлігімен болған жол апатынан екі адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды;
- 2023 жылғы мамыр — Солтүстік Қазақстан облысында Toyota Alphard көлігімен болған жол апатынан бес адам жарақат алып, біреуі қаза тапты;
- 2023 жылғы маусым — Қостанай облысында Toyota Alphard көлігімен болған жол апатынан әкесі мен баласы қайтыс болды;
- 2023 жылғы шілде — Қостанай-Сарыкөл тас жолында Toyota Alphard көлігінің қатысуымен болған жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты;
- 2023 жылғы шілде — Самара-Шымкент тас жолында Toyota Alphard көлігімен болған жол апаты тағы бір адамның өмірін қиды;
- 2023 жылғы тамыз — Қарағанды-Балқаш тас жолында Toyota Alphard көлігімен болған жол апатынан 13 адам жарақат алды;
- 2023 жылғы тамыз — Шымкент-Самара тас жолында Toyota Alphard көлігінің аударылуы салдарынан бір адам қаза тапты;
- 2023 жылғы тамыз — Қостанай облысындағы жолда Toyota Alphard көлігімен болған жол апатында жолаушы тірідей жанып кетті;
- 2023 жылғы қараша — Таразда жолдың үстінде отырған ер адамды Toyota Alphard көлігі қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті;
- 2023 жылғы желтоқсан — Ақтөбе облысында Toyota Alphard көлігі жүк көлігімен соқтығысып, екі мектеп оқушысы қаза тапты;
- 2023 жылғы ақпан — Қызылорда облысында «ҚазАвтоЖол» қызметкері қызметтік міндеттерін орындау кезінде Toyota Alphard көлігінің қатысуымен болған жол апатында қаза тапты;
- 2024 жылғы маусым — Ақтөбеде Toyota Alphard көлігімен болған жол апатынан төрт адам қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді;
- 2024 жылғы 17 тамыз — Toyota Alphard көлігі қатысқан жол апатынан алты адам қаза тапты, оның ішінде екі полиция қызметкері бар.
Айта кету керек, бұл көліктер көбінесе оң жақ рөлді болып келеді немесе рөлі сол жаққа бейімделген. Жүргізушілер көбінесе бұл көліктерді қалааралық тасымалдарға пайдаланған кезде жоғары жылдамдықпен жүреді.