AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының зообағында Сұлу атты керік төлдеді

Алматының зообағында Сұлу атты керік төлдеді

Әлеумет 06.09.2022, 11:44 1,748
Алматының зообағында Сұлу атты керік төлдеді
Сурет: Instagram.com

Хан мен Сұлу атты керіктер жұбы кішкентай еркек құлынды өмірге әкелді.


Алматының зообағында орын алған жағымды жаңалықпен хайуанаттар бағының баспасөз қызметі жариялады. Мамандардың мәліметінше, керіктің баласы шілде айының соңында дүниеге келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бүгін сіздермен кезекті жақсы жаңалығымызбен бөліспекпіз. Алматы хайуанаттар бағындағы Хан мен Сұлу атты керіктер жұбы кішкентай еркек құлынды өмірге әкелді. Жаңа туған кішкентай керік шілде айының соңында дүниеге келді», – деп жазды Алматы зообағы өзінің Instagram парақшасында.



Қазір ол әкесі мен әпкесінен бөлек анасымен бірге тұрып жатыр.



«Оған әлі ат қойылмады. Сондықтан біз кішкентай керікке ат қоюға байқау жариялаймыз. Сүйкімді жануардың түріне қарап ерекше есімдерді айтыңыздар. Парақшамызға пікір қалдырып, өз ұсыныстарыңызды жазыңыздар», – делінген зообақтағылар жариялаған жазбада.



Биыл зообақтағы тұяқтылар бөлімінде 19 төл өмірге келген. Мамандар алда әлі жағымды жаңалықтар көп болатынын атап өтті.



«Зообақ – өзіне тән табиғаты бар, жануарлардың ерекше әлемі. Мұнда жануарлар өзара жұп құрып, төлдеп, көбейіп жатады. Біз зообағымыздағы жаңа төлдердің туғанын олардың кішкене өсіп, қатайғанынан кейін ғана көпке жариялаймыз», – деп хабарлады зообақтағылар.















Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Алматинский зоопарк (@almatyzoo)






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Зообақ #Алматы #жираф
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды біріктірді

Бүгін 19:01

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);