AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан...

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Алматы Бүгін 10:44 45
Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында атқарылған жұмыстардың нәтижесімен танысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Жетісу ауданында Қазыбаев көшесінің бойындағы жүргіншілер аллеясы көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды.

Қазыбаев көшесінде ұзындығы 1 шақырымнан асатын, жалпы аумағы 2,3 гектар жер көркейтілді. Мұнда серуендеуге арналған жол мен жаңа скверлер салынып, көгал төселді, автоматты және тамшылатып суару жүйесі орнатылды. Көгалдандыру аясында 21 мыңнан астам бұта егілді. Сондай-ақ 150 ағаш егу жұмысы жалғасып жатыр. Оның 72-сі – ірі жөке ағашы, қалған 78-і – жас көшет.

Аумақты санитарлық тазалауға ерекше көңіл бөлінді. Көркейту жұмыстары барысында бұл жерден 194 самосвал құрылыс қалдығы шығарылды. Бұрын күтімсіз жатқан аумақтардың орнында тұрғындардың серуендеуіне және демалуына арналған жасыл аймақ пайда болды.

Аралау барысында Дархан Сатыбалды тазалық пен санитарлық тәртіпті сақтау жұмыстарын күшейтуді, көркейтілген аумақтардың тиісті күтімін қамтамасыз етуді және заңсыз қоқыс үйінділерінің қайта пайда болуына жол бермеуді тапсырды.

«Жетісу» саябағында да көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Тартан және плита жабыны төселіп, 210 туя, 720 бұта және 269 көпжылдық өсімдік отырғызылды. Аумақты жарықтандыру үшін 153 жарық шамы орнатылды.

Қала әкімі бос жатқан жер аумақтарын одан әрі көркейту жайына да ерекше назар аударды. Ол тұрғындардың қажеттілігін ескере отырып, бұл аумақтарды тиімді пайдалану жолын, оның ішінде шағын скверлер, жасыл аймақ пен күнделікті демалыс орындарын құру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Қазыбаев көшесіндегі аллеяны көркейту жұмыстары демеушілік қаражат есебінен жүргізілді.

Қазыбаев көшесін көркейту Жетісу ауданында жүргінші бағыттары мен қоғамдық кеңістіктердің бірыңғай жүйесін қалыптастыру аясындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігіне айналды. Жақын маңда төрт білім беру мекемесі – екі балабақша, мектеп және колледж орналасқан. Жаңа аллея тұрғын үйлерді әлеуметтік нысандармен байланыстырып, балалардың, ата-аналар мен студенттердің жаяу жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасайды.

«Жетісу» саябағын жаңартумен қатар, бұл жұмыстар ауданның жасыл инфрақұрылымын дамытуға, жүргіншілерге ыңғайлы бағыт қалыптастыруға және тұрғындардың үйіне жақын жерде қолжетімді демалыс орындарын құруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Кеше 20:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);