AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының үш ауданын дератизациялау аяқталды

Алматының үш ауданын дератизациялау аяқталды

Барлығы 07.10.2025, 15:34 494 Дина
Алматының үш ауданын дератизациялау аяқталды
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда дератизация аясында 20 гектардан астам аумақ дәріленеді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz. 

Алматыда 2025 жылы 15 қыркүйектен 31 қазанға дейін кеміргіштер таралуының алдын алуға және халықтың санитарлық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған дератизацияның екінші (күзгі) кезеңі өткізіледі. Мұны Алматының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының тапсырысы бойынша «Эко Сервис Алматы» ЖШС жүзеге асырады.

Бүгінде Алатау, Жетісу және Медеу аудандарында кеміргіштерге қарсы дәрілеу жұмыстары аяқталды.

Жалпы, ашық және жабық биотоптарды, сондай-ақ жеке секторды қосқанда 20 мың гектардан астам аумақ дәріленеді. 

6 қазаннан бастап мамандар Алмалы ауданын дәрілеуге кірісті. Ай соңына дейін дератизация Бостандық, Әуезов, Түрксіб және Наурызбай аудандарында жүргізіледі.

Биылғы күзгі кезеңде жасыл аймақтар, өзендер мен су айдындарының жағалаулары, арық желілері, қоғамдық көлік аялдамалары, контейнерлік алаңдар, сондай-ақ жеке сектордың жер учаскелері дәріленеді. Жалпы детаризациялау Алматы қаласының 47,3 мың гектарға жуық аумағын қамтиды. Жеке сектор тұрғындары дәрілерді қолдану жөніндегі егжей-тегжейлі нұсқаулықпен бірге улы жемді тегін алады.

Естеріңізге сала кетейік, профилактикалық іс-шаралар жылына екі рет – көктемде және күзде  жүргізіледі.  Бұл кешенді шаралар кеміргіштердің санын бақылауға және олардың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Алматының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ведомстволық бағынысты мекемелерге, ПИК, МИБ-теріне, заңды тұлғаларға аумақтарында  дәрілеу жұмыстарын жүргізуді міндеттейді.

Дәрілеу іс-шараларын өткізу мәселесі бойынша шағымдар мен өтініштер туындаған жағдайда қала тұрғындары «Эко Сервис Алматы» ЖШС диспетчерлік бөлмесіне мына телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады: +7 705 225 13 31 (Магистраль), +7 705 118 77 88 (Нұржан).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тышқан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика