AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Наурызбай ауданында жаңа саябақ пен 35 к...

Алматының Наурызбай ауданында жаңа саябақ пен 35 көркейту жобасы жүзеге асырылады

Алматы Бүгін 15:47 48
Алматының Наурызбай ауданында жаңа саябақ пен 35 көркейту жобасы жүзеге асырылады

Алматының Наурызбай ауданында 2026 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 35 жоба жүзеге асырылып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Олар қоғамдық кеңістіктер құруды, жүргіншілер аймақтарын көркейтуді, тротуарлар мен сыртқы жарықтандыру жүйесін салуды, аумақтарды көгалдандыруды және автоматты суару жүйелерін орнатуды қамтиды. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Нәзира Тоғызбаева айтты.

Жаңа қоғамдық кеңістіктердің бірі аумағы 1 гектар болатын саябақ. Мұнда 200 ірі көлемді ағаш, 85 қылқан жапырақты ағаш, шамамен 30 мың бұта және 1,5 мың раушан гүлі егілді. Жобада жүргіншілер жолдары, жарықтандыру, автоматты суару жүйесі, субұрқақ, «Отбасы» композициясы, перголалар және балалар ойын алаңы қарастырылған.

Тағы бір қоғамдық кеңістік Тастыбұлақ өзенінің бойында құрылып жатыр. Жүргіншілер аймағының ұзындығы – 1,4 шақырым. Мұнда жүргіншілер жолдары мен тротуарлар салынды, аумақ көгалдандырылып, жарықтандыру жүйесі орнатылды. Жобаны толық аяқтау желтоқсан айына жоспарланған.

Биыл «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешені мен Қалқаман шағынауданындағы 11 аула да жаңартылады. Былтыр «Алма Сити» тұрғын үй кешеніндегі 33 аула көріктендірілген.

«Биыл бұл жұмыстар жалғасып жатыр. Негізгі міндет – тұрғындар мен балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы аула кеңістігін қалыптастыру», – деді Нәзира Тоғызбаева.

Жалпы, 2023 жылдан бері «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Шұғыла шағынауданында жалпы ұзындығы 1,5 шақырым болатын үш жүргіншілер аймағы көркейтілді. Қалқаманда аумағы 0,5 гектар болатын сквер құрылды. Сондай-ақ, мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге арналған амфитеатр салынып, балалар және футбол алаңдары жаңғыртылды.

Сонымен қатар ауданды көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2026 жылдың басынан бері Қалқаман шағынауданында 1,5 мың ағаш, 26 мыңнан астам бұта және 17,5 мың гүл егілді. Жыл соңына дейін тағы 1 мың ағаш егу жоспарланып отыр.

«Биыл жасыл желекті көбейтуге және қоғамдық кеңістіктерді көркейтуге ерекше көңіл бөлінді. Бұл жұмыстар тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған», – деді аудан әкімі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47

Наурызбай ауданында ұзындығы 151,4 шақырымды құрайтын инженерлік желі салынуда

Бүгін 16:45

Наурызбай ауданында инженерлік желілерді салу жобалары жүзеге асырылуда

Бүгін 16:43

Наурызбай ауданы халықты әлеуметтік қолдауды күшейтті

Бүгін 16:40

Наурызбай ауданында тұрғындарға арналған 3 спорт кешені бой көтереді

Бүгін 16:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);