AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 3 балабақша а...

Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 3 балабақша ашылады

Алматы Бүгін 15:35 70
Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 3 балабақша ашылады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Наурызбай ауданының әкімі Назира Асылбекқызы Тоғызбаева мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2025 жылы Наурызбай ауданында «Шұғыла» және «Құрамыс» шағынаудандарында жалпы 5 500 орынға арналған 3 жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Ал 2026 жылы №223 және №41 жалпы білім беретін мектептер әрқайсысы 1 200 орынға, сондай-ақ №15 санаторлық мектеп-интернаты 340 орынға пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, №174 мектеп-гимназиясының 375 орындық қосымша ғимараты іске қосылды.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайту мақсатында 2025 жылдың қыркүйегінде «Шұғыла» шағынауданында 320 орындық балабақша ашылды.

2026 жылдың соңына дейін Наурызбай ауданында тағы 3 жаңа балабақша ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда нысандардың құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беру үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа балабақшалар «Қалқаман» және «Құрамыс» шағынаудандарында, сондай-ақ «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Атап айтқанда, Қалқаман шағынауданындағы №207 балабақша 240 орынға, «Құрамыс» шағынауданындағы №203 балабақша және «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешеніндегі №204 балабақша 320 орынға есептелген.

Жаңа мектептер мен балабақшалардың пайдалануға берілуі аудан тұрғындары үшін білім беру қызметтерінің қолжетімділігін арттырып, білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын кезең-кезеңімен азайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балабақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында Төле би және Жұбанов көшелерін ұзарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін 16:17

Алматының Наурызбай ауданында жаңа саябақ пен 35 көркейту жобасы жүзеге асырылады

Бүгін 15:47

Наурызбай ауданында медициналық инфрақұрылым дамып, жаңа емханалар ашылуда

Бүгін 15:25

Алматыда субұрқақтар қысқы кезеңге кезең-кезеңімен өшіріліп жатыр

Бүгін 15:16

Алматыда «Три богатыря» тұрғын үй кешеніндегі заңсыз қайта құру жұмыстары тоқтатылды

Бүгін 15:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);