AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы педагогтері мемлекеттік және ведомстволық н...

Алматы педагогтері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды

Алматы Бүгін 16:27 66
Алматы педагогтері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды

Мұғалім күніне орай Алматы педагогтерінің еңбегі республикалық және қалалық деңгейде жоғары бағаланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ұстаздар, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық еңбек ардагерлері мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болды.

Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің педагогтерін кәсіби мерекесімен құттықтап, білім беру саласының үздік өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыстады.

Мемлекет басшысының қолынан жоғары награда алғандардың қатарында алматылық педагогтер – №173 мектеп-лицейінің мұғалімі Батима Сыдықбекова және мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының педагогі Эльмира Шотанова бар.

Сондай-ақ Алматы қаласындағы М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның педагогтері Айгүл Ертуғанова мен Қорлан Ертуғанова Астанада марапатталып, наградаларын Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің қолынан алды.

Педагогтерді ұлықтау Алматыда да жалғасын тапты. Қала әкімі Дархан Сатыбалды ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан педагогтерге мемлекеттік наградаларды табыстады.

Сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградаларымен Алматы қаласының 36 педагогі марапатталды. Марапаттарды Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев табыстап, әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Марапатталғандардың 9-ы – «Еңбек ардагері» медаліне, 14-і – «Ы. Алтынсарин» төсбелгісіне, 13-і – «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.

Олардың қатарында мектеп директорлары мен мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйымдар мен колледждердің, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері бар. Марапат иелерінің көпшілігі білім беру саласында 40 жылдан астам еңбек еткен, ал ең жоғары педагогикалық еңбек өтілі 49 жылды құрайды.

Алматы педагогтерінің мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болуы – олардың кәсіби шеберлігіне, мамандыққа адалдығына және өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге қосқан үлесіне берілген жоғары баға.

Алматылық ұстаздарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47

Наурызбай ауданында ұзындығы 151,4 шақырымды құрайтын инженерлік желі салынуда

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);