конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Түрксіб ауданында демалыс күнгі жәрмеңке...

Алматының Түрксіб ауданында демалыс күнгі жәрмеңке ашылады

Алматы Бүгін 11:27 29
Алматының Түрксіб ауданында демалыс күнгі жәрмеңке ашылады
Алматы әкімдігі

Осы демалыс күндері Алматының Түрксіб ауданында Рысқұлов даңғылы мен Айтықов көшесінің қиылысында жаңа демалыс күнгі жәрмеңке ашылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жәрмеңкеде Алматы облысы Райымбек ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімін ұсынады. Фермерлік шаруашылықтардың тікелей қатысуы тұрғындарды делдалсыз, қолжетімді бағамен сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Келушілер сиыр, жылқы және қой етін, сондай-ақ картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қияр, қызанақ пен алманы қоса алғанда көкөніс пен жеміс-жидекті сатып ала алады. Сонымен қатар жәрмеңкеде сүт өнімдері, бакалея тауарлары, жұмыртқа, шұжық өнімдері, бал, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, кептірілген жемістер мен үй жағдайында дайындалған нан-тоқаш өнімдері ұсынылады.

Жәрмеңкенің ашылуы Алматының барлық ауданында демалыс күнгі жәрмеңкелер желісін кезең-кезеңімен кеңейту аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта мұндай жәрмеңкелер Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық және Жетісу аудандарында жұмыс істейді. Ұйымдастырушы әрі әкімшісі – «Алматы» ӘКК.

Сонымен қатар «Алматы» ӘКК демалыс күнгі жәрмеңкелерді кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта жұмыс Бостандық ауданындағы Қазақфильм шағынауданында жүргізілуде. Жаңартылған жәрмеңкенің ресми ашылуы биылғы тамыз айына жоспарланған. Сондай-ақ жаңғырту жұмыстары Әуезов ауданында да жалғасуда. Осыған байланысты Әуезов ауданындағы жәрмеңке уақытша Рысқұлбеков көшесі, 33/2 мекенжайына көшірілді.

Жаңғырту жұмыстары сауда алаңдарын кешенді жаңартуды көздейді. Оның аясында іргелес аумақ көркейтіліп, санитарлық инфрақұрылым жаңғыртылады, сауда конструкциялары ауыстырылып, инженерлік желілер тартылады. Кәсіпкерлер мен келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ нысандарды қолданыстағы заңнама талабы мен Алматы қаласының дизайн-кодына сәйкестендіруге ерекше назар аударылады.

Демалыс күнгі жәрмеңке әр сенбі және жексенбі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

* Бостандық ауданы – Қазақфильм шағынауданы;

* Әуезов ауданы – Рысқұлбеков көшесі, 33/2;

* Медеу ауданы – Меңдіқұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;

* Алмалы ауданы – Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;

* Жетісу ауданы – Құлагер шағынауданы;

* Түрксіб ауданы – Рысқұлов даңғылы мен Айтықов көшесінің қиылысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еңбек биржасында ұшқыштар ең жоғары жалақы сұраған

Бүгін 11:44

4 миллионнан астам гүл мен жаңа арт-композициялар Алматының ажарын аша түсті

Бүгін 11:25

Елімізде бейнебақылау жүйелерінің алғашқы ұлттық стандарты бекітілді

Бүгін 11:10

Оқушылардың білімін бағалау жүйесін қайта қаралады

Бүгін 10:45

Ұлттық ұланда 40-қа жуық егіз әскери борышын өтеп жүр

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);