Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының тоғыз шағынауданындағы 341 көшенің жолда...

Алматының тоғыз шағынауданындағы 341 көшенің жолдары күрделі жөнделеді және салынады

Әлеумет 27.10.2021, 13:34 1,115
Алматының тоғыз шағынауданындағы 341 көшенің жолдары күрделі жөнделеді және салынады
almaty-akshamy.kz

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, жылдар бойына асфальт болмаған шағынаудандарда жолдарды салу мен жөндеудің ауқымы туралы айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирі кезінде "Құрамыс" шағынауданның тұрғыны ол тұратын көшедегі жолдың қашан жасалатынын сұрады. Б.Сағынтаев аталған шағынауданда бүгінгі таңда 27 көшенің 23-і асфальтталғанын хабарлады. Ұзындығы 4,9 шақырым болатын барлық көшелерді асфальттауды алдағы айда аяқтау жоспарланып отыр.



Биыл Алматыда 9 шағынаудандағы 341 көшеде 93 шақырым жол салынып, күрделі жөндеуден өтеді. Қазіргі уақытта 6 шағынауданда жол жөндеу жұмыстары аяқталған, олар – "Шаңырақ-5", "Нұршашқан", "Самғау", "Әлмерек", "Қайрат", "Өжет". "Алғабас" шағынауданында жоспар бойынша 6 шақырым жолдың орнына 6,8 шақырым жол асфальтталды. Екі шағынауданда – "Құрамыс" және "Думанда" жөндеу жұмыстарын қараша айында аяқтау жоспарлануда.



Бұдан өзге, биыл ұзындығы 201,1 шақырым болатын 206 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы ұзындығы 219,1 шақырым болатын 324 көше қамтылды, қазіргі кезде ұзындығы 185,5 шақырым болатын 197 көшеде жұмыстар аяқталды, қалған 9 көше бойынша жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.


Сонымен қатар, жалпы ауданы 214 мың шаршы метр жолдарда шұңқырларды жөндеу жүргізілді, 1 247 люк тегістелді. Жұмыстарға 4 мердігерлік ұйым, 12 бригада, 96 жұмысшы, 28 арнайы техника жұмылдырылды. 31 шақырым тротуар, 65 аялдама алаңы жөнделді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жолсалу #Құрамыс #Сағынтаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы Бангкок төрінде бас жүлде жеңіп алды

Бүгін 15:22

Алматылық спортшылар үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 15:17

Алматыда Жароков көшесінің бір бөлігінде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:15

Алматыда 380 мың шаршы метрден астам аумаққа гүл егіледі

Бүгін 15:13

Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін 14:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика