AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфс...

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Алматы 21.03.2026, 14:22 299 dulatbekova
Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері
Сурет: Айгүл Колумбетова

Алматының Түрксіб ауданындағы Сәкен Сейфуллин саябағына да бүгінгі мейрамда халық көп жиналды.

2500-ден астам алматылық пен қала қонақтарын ұлттық киімдегі, тау тұлғалы батырлар қарсы алды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып саналатын тазылар мен бүркіттер де мейрамға ерекше сән берді. Үлкен-кішіге қазақтың ұлттық тағамы – Наурыз көже ұсынылды. "Қыдыр ата" сахналық қойылымы көрермендерін ежелгі аңыз-әфсаналар әлеміне саяхат жасатқаны анық.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Мәулен Оңласыновтың айтуынша, ұйымдастырушылардың қонақжай пейіліне бәрі дән риза.

Әуесқой спортшылар саябақ алаңында ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған жарыстарға қатысып, күші мен ептілігін сынға салды. Әр түрлі байқаулар мен викториналық ойындар да көрермендерін тартып әкетті. Бағалы сыйлықтар иеленген тұрғындардың эмоциясы да ерекше.

Саябақта қазақ халқының дәстүрлі тұрмысы мен қолөнерін көрсететін ақ шаңқан киіз үйлер мен шағын сәулет нысандары орнатылған. "Этноауыл" сурет көрмесі қонақтарға ата-баба тарихы мен мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Мерекенің нағыз хиті жасанды интеллект көмегімен бейнеңізді әп-сәтте түсіріп беретін "Жедел фотосурет" аймағы болған сыңайлы. Алаңға жиналған барлық адам бүгінгі жарқын күннің естелігі ретінде суретке түсіп жатты.

”Мен Сәкен Сейфуллин атындағы саябаққа жай күндері де жиі келемін. Отбасымызбен осында сейіл құрғанды ұнатамыз. Өте жайлы орта. Бүгінгі Наурыз мейрамының қызығын тамашалауға да бала-шағаммен келдім. Мерекені ұйымдастырған, осындай сәнді демалыс сыйлаған қала әкімдігіне алғыс айтқым келеді. Бізге "жедел фото" аймағы өте ұнады. Қазіргі заманауи технологияның, жасанды интеллектінің қуатына таңданбасқа шараңыз жоқ", – дейді әсерімен бөліскен Түрксіб ауданының тұрғыны Тұрсын Қонақаев.

Мерекенің шарықтау шегі жарқын концерттік бағдарламаға ұласты. Сахнада №6 Оқушылар үйінің дарынды шығармашылық ұжымдары, "Даму бала" бағдарламасының өрендері, "Әжелер" ансамблі, сондай-ақ отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Айгуль Колумбетова

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);