конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының құрметті азаматы Асылы Осман II дәрежелі...

Алматының құрметті азаматы Асылы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Алматы Бүгін 18:02 74
Алматының құрметті азаматы Асылы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жоғары мемлекеттік награданы Президенттің атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды табыстады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының құрметті азаматы, белгілі ғалым және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Асылы Әлиқызы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген жоғары мемлекеттік награданы Президенттің атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды табыстады.

Асылы Осман сондай-ақ Мемлекеттік тіл қауымдастығын басқарады. Ол саналы ғұмырын қазақ тілін дамытуға, оның мәртебесін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қоғамдық келісімді нығайтуға арнады. Ғалымның қазақ тілінің ерекшелігі мен құрылымына арналған ғылыми-зерттеу еңбектері тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосты. Ол 200-ден астам ғылыми және аударма мақаланың авторы.

Мемлекет басшысы Асылы Османға жолдаған құттықтауында оның ел алдындағы еңбегіне жоғары баға берді.

«Мемлекеттік тіл саясатының мәні мен маңызын көпшілікке ұғындыра отырып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін оятуға әрі ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге қосқан үлесіңіз зор екені анық. Қазақстанның тұрақтылығын сақтау, қоғамның бірлігін және ұлтаралық келісімді нығайту жолындағы белсенді қызметіңіз – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге», – делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауында.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Асылы Османның қаланың қоғамдық және мәдени дамуына, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан ерекше үлесін атап өтті.

Алматының қоғамдық және рухани-мәдени өміріне белсене атсалысқаны үшін Асылы Османға Алматы қаласының құрметті азаматы атағы берілген. Ол бұған дейін II дәрежелі «Достық» және «Парасат» ордендерімен марапатталған. Асле Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен қоғамдық және мәдени қызметтегі айрықша еңбегі үшін марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Асылы Осман #марапаттау рәсімі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

Бүгін 18:41

Алматыда QAZAQ med travel медициналық туризмінің жобалық кеңсесі ашылды

Бүгін 17:56

Құрылтай - 2026: «Заң мен тәртіп» тақырыбына теледебат өтті

Бүгін 17:51

Дауыс беруге екі апта қалды: Қазақстандағы сайлауалды науқан қалай өтіп жатыр

Бүгін 17:45

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде Құрылтай сайлауына қатысты Конституция нормалары талқыланды

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);