AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Алматының өнер жұлдыздары мен қаламгерлері сайлауд...

Алматының өнер жұлдыздары мен қаламгерлері сайлауда дауыс берді – ФОТОРЕПОРТАЖ

Сайлау 2026 Бүгін 17:46 36
Алматының өнер жұлдыздары мен қаламгерлері сайлауда дауыс берді – ФОТОРЕПОРТАЖ
Алматы әкімдігі

Өнер адамдары қала мен ел өміріндегі маңызды сәттерде олар да шет қалмайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауы өнер мен әдебиет өкілдерін де біріктірді. Қазақстандықтардың сүйікті эстрада әншілері, белгілі ақындар мен ғалымдар қаланың сайлау учаскелеріне барып, әр азаматтың таңдауы ел мен өскелең ұрпақтың болашағына неліктен әсер ететіні туралы пікірлерін білдірді.

Өнер адамдары заманның тынысын терең сезініп, туған жерінің тағдырын жүрегінен өткізеді. Сондықтан қала мен ел өміріндегі маңызды сәттерде олар да шет қалмайды. Әртістер мен қаламгерлер үшін сайлау учаскесіне бару – азаматтық борышты орындау ғана емес, балаларымыз бен немерелеріміз өсіп-жетілетін қаланың болашағы туралы ой бөлісу мүмкіндігі. Сондай-ақ олар әр алматылықтың дауысы маңызды екенін атап өтті. Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова өз пікірін білдірді.

Айжан Нұрмағамбетова – балалар мен немерелердің болашағы туралы

Белгілі эстрада әншісі, «Құрмет» орденінің иегері Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты. Өнер иесінің пікірінше, дауыс беру – әр азаматтың келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігін көрсетеді.

«Елінің болашағына бейжай қарамайтын әрбір қазақстандық сайлауға келіп, өзінің азаматтық ұстанымын білдіруі керек. Әр адамның таңдауы маңызды. Өйткені қабылданатын шешімдер балаларымыз бен немерелеріміздің болашағымен тікелей байланысты», – деді әнші.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шадаева – бірлік пен жастарға жасалатын мүмкіндіктер туралы

Қазақстан эстрадасының жарқын өкілдерінің бірі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шадаева №492 сайлау учаскесінде дауыс берді. Әнші мемлекеттің болашағы әр тұрғынның белсенділігі мен ел тағдырына бейжай қарамауына байланысты екенін атап өтті.

«Әр адам өз елінің болашағына алаңдап, оның өркендеуіне үлес қосуға ұмтылуы керек. Мен үшін ең бастысы – елімізде татулық пен бірлік салтанат құрып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашылуы. Өйткені бүгінгі әрбір таңдауымыздың артында келер ұрпақтың тағдыры тұр. Сондықтан ел өміріндегі осындай маңызды оқиғалардан шет қалмай, азаматтық ұстанымымызды білдіруіміз қажет», – деді Бақыт Шадаева.

Әнші Абай Бегей – болашақ депутаттардың қала тұрғындары алдындағы жауапкершілігі туралы

Белгілі қазақстандық эстрада әншісі Абай Бегей Алматыдағы №487 сайлау учаскесінде дауыс берді. Өнер иесі ел үшін маңызды кезеңдерде әр азамат белсенділік танытуы керектігін айтты. Сондай-ақ ол мәслихат депутаттарына мегаполис тұрғындарын күнделікті толғандыратын мәселелерді шешуде ерекше жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

Әншінің айтуынша, депутаттар халықтың сұранысы мен ұсыныстарына құлақ асып, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешілуіне ықпал етуі керек.

«Мәслихат депутаттарына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олар халықтың сұранысы мен тілегін тыңдап, тұрғындарды толғандыратын мәселелерді шешуге атсалысуы тиіс. Қала мен аудандарды дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу, мәдениет пен өнер саласын қолдау – жұмыстың маңызды бағыттары», – деді Абай Бегей.

Асхат Тарғын №554 учаскеде дауыс берді: «Елдің дамуы үшін бірлік пен өзара құрмет қажет»

Белгілі қазақстандық әнші Асхат Тарғын №554 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол мемлекеттің дамуы әр азаматтың ортақ күш-жігеріне байланысты екенін жеткізді.

«Бәріміз – бір елдің баласымыз. Қай салада еңбек етсек те, қай жерде жүрсек те, туған жеріміздің болашағына бейжай қарамаймыз. Әсіресе балаларымыздың қандай қоғамда өмір сүретіні маңызды. Еліміздің дамуы үшін ең алдымен бірлік, татулық пен өзара құрмет қажет деп есептеймін. Әр азаматтың дауысы, әр адамның таңдауы маңызды. Бүгін мен де өз таңдауымды жасадым», – деді Асхат Тарғын.

Тахмина Әшімбекова – өнер мен шығармашылық өкілдерін қолдау туралы

Белгілі қазақстандық әнші Тахмина Әшімбекова Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, №42 сайлау учаскесінде дауыс берді. Әнші жаңа депутаттық корпус қаланың мәдени өмірін дамытуға ерекше назар аударады деп үміттенетінін айтты.

«Мәслихат депутаттары қала тұрғындарының, соның ішінде өнер және мәдениет саласы өкілдерінің мәселелеріне назар аударып, оларды шешуге ықпал етуі маңызды. Өнерді дамытуға қолдау көрсету, шығармашылық адамдарға мүмкіндік жасау, мәдениет мекемелерінің жұмысын жандандыру – қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі. Депутаттар осы бағыттағы ұсыныстар мен бастамаларды назардан тыс қалдырмайды деп үміттенемін», – деді Тахмина Әшімбекова.

Ақын Ғалым Қалибекұлы – қала тұрғындары мен билік арасындағы байланыс туралы

«Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Қалибекұлы №137 сайлау учаскесінде дауыс берді. Қаламгер мәслихат деңгейінде қабылданатын шешімдер қала тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететінін еске салды.

«Мәслихат – халық пен билік арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды өкілді орган. Сондықтан оның құрамына сайланған азаматтарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Қала тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға шақырамын», – деп атап өтті Ғалым Қалибекұлы.

Ақын-жазушы Қасымхан Бегманов №510 учаскеде дауыс берді

Белгілі қазақстандық ақын-жазушы Қасымхан Бегманов Алматыдағы №510 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Ол дауыс беру әр азаматқа туған қаласының дамуына жеке үлес қосуға мүмкіндік беретінін айтты.

«Сайлауға қатысу – әр азаматтың өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын білдіруіне және туған өлкенің болашағына үлес қосуына берілген мүмкіндік. Бүгін мен де өз таңдауымды жасадым. Баршаңызды сайлауға белсенді қатысып, өз дауыстарыңызды беруге шақырамын», – деді Қасымхан Бегманов.

Ақын әрі ғалым Бауыржан Жақып – қала тұрғындарының азаматтық белсенділігі туралы

Филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын Бауыржан Жақып №267 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол жергілікті мәселелерді шешуде әрбір бюллетеньнің маңызы зор екенін атап өтті.

«Депутаттарды сайлау кезінде әр азаматтың дауысы маңызды. Сонымен қатар тұрғындар қала өміріне қатысты мәселелерді шешуге өз үлесін қосып, азаматтық белсенділік танытуы керек», – деді Бауыржан Жақып.

Алматыдағы 670 сайлау учаскесінде дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Қала тұрғындарының өз таңдауын жасауына әлі де уақыт бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы сайлау учаскелерінде белсенділік бәсеңдеген жоқ

Бүгін 18:02

Нұрлан Оразалин Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бүгін 17:42

Айнабұлақ тұрғындары Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауына белсенді қатысып жатыр

Бүгін 17:40

Алматыда «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы дауыс берді

Бүгін 17:29

Алматының 97 жастағы тұрғыны мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бүгін 17:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);