Ақсақал сайлау күні елімізге бірлік пен өркендеу тіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматының 97 жастағы тұрғыны Ризабек Жақсылықов мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, таңдау жасады.
Ғасырға жуық ғұмыр кешіп, талай тарихи оқиғаның куәсі болған ақсақал сайлау күні елімізге бірлік пен өркендеу тіледі.
«Елімізге бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін. Өскелең ұрпақ білімді де еңбекқор болып өссін. Балаларымыз бен немерелеріміз бақытты өмір сүріп, еліміз өркендей берсін. Баршаңызға зор денсаулық, бірлік пен әр шаңыраққа молшылық тілеймін!» – деді Ризабек Жақсылықов.
Еске сала кетейік, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлау барысына қатысты қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.