AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Алматыдағы сайлау учаскелерінде белсенділік бәсеңд...

Алматыдағы сайлау учаскелерінде белсенділік бәсеңдеген жоқ

Сайлау 2026 Бүгін 18:02 17
Алматыдағы сайлау учаскелерінде белсенділік бәсеңдеген жоқ
Алматы әкімдігі

Күні бойы сайлау учаскелерінде келушілерге арналған түрлі іс-шаралар да ұйымдастырылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Қала тұрғындары таңнан бері сайлау учаскелеріне отбасымен, күнделікті шаруаларының арасында немесе жұмыстан кейін келіп, дауыс беруде.

Күні бойы сайлау учаскелерінде дауыс берумен қатар, келушілерге арналған түрлі іс-шаралар да ұйымдастырылған. Бірқатар жерде қолдан жасалған авторлық бұйымдар жәрмеңкесі, интерактивті ойындар мен балалар суреттерінің көрмесі өтіп жатыр. Ал кейбір учаскеде тұрғындар қыш құмыра жасау бойынша шебердің сабағына қатысуда. Олар саз балшықтан түрлі бұйымдар жасап, қыш шарықпен жұмыс істеп, тақырыптық фотоаймақтарда естелік суретке түсуде.

Кейбір сайлау учаскелерінде домбыра үні күмбірлеп, еріктілер мен ұйымдастырушылар сайлаушыларға қолайлы жағдай жасауға көмектесіп жүр. Сонымен қатар, қала бойынша 170 инватакси қызмет көрсетіп отыр. Ал бүгін қоғамдық көлікте жол жүру тегін.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша Алматыда сайлаушылардың келу көрсеткіші 33,73 пайыз болды. Дауыс берудің аяқталуына үш сағат қалды. Сайлау учаскелері 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Алматылықтар әлі де сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 75 жастағы әжей сайлауда дауыс беріп, Абайдың әнін ағылшын тілінде орындады

Бүгін 18:06

Алматының өнер жұлдыздары мен қаламгерлері сайлауда дауыс берді – ФОТОРЕПОРТАЖ

Бүгін 17:46

Нұрлан Оразалин Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бүгін 17:42

Айнабұлақ тұрғындары Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауына белсенді қатысып жатыр

Бүгін 17:40

Алматыда «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы дауыс берді

Бүгін 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);