«Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғани Аюпов Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауына қатысып, №543 сайлау учаскесінде дауыс берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Дауыс беруге қатысу – конституциялық құқықты жүзеге асыру ғана емес, елдің болашағына деген азаматтық жауапкершіліктің де көрінісі.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні жақындап келе жатқаны бұл оқиғаның маңызын арттыра түседі. Тарихи жадты сақтау, тәуелсіздіктің қадірін түсіну және белсенді азаматтық ұстаным таныту – мемлекеттің дамуына негіз болатын маңызды құндылықтар», – деді Ғани Аюпов.
Еске салайық, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаудың өту барысы туралы қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.