AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Наурызбай ауданында жаңа жол салынады

Алматының Наурызбай ауданында жаңа жол салынады

Әлеумет 10.10.2022, 14:00 1,546 Almaty-akshamy
Алматының Наурызбай ауданында жаңа жол салынады
Сурет: Ашық дереккөзі

Негізгі жұмыс Ақжар ықшам ауданының 89 көшесінде жүргізілмек


Алматының Наурызбай ауданында 45 шақырымдық жаңа жол салынады. Негізгі жұмыс Ақжар ықшам ауданының 89 көшесінде жүргізілмек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Бұған дейін Алматы әкімінің аудан тұрғындарымен болған кездесуінде көпшіліктің көңілін алаң қылғаны да осы жолдың жайы еді. Тұрғындар қала басшысының көшедегі аяқталмаған жұмыстарға мән беруін сұраған. Бүгінде мұнда 8 шақырымдық жол асфальтталып, 4 көшеде жағдай жақсарды. Ендігіде жөндеудің екінші кезеңі басталады дейді әкімдік маманы.



«Қазір екінші кезең бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Жоспарға сәйкес, 13 шақырым жолға жөндеу жүргізілді. Жалпы Қарағайлы, Қарғалы мен Шұғыла шағынауданы қамтылады», – деді Наурызбай ауданы әкімдігі бөлім басшысының міндетін атқарушы Оңалбек Қыдырбаев.



Жол ғана емес, алаңқайлар мен спорт алаңдарының да жағдайы жақсармақ. Мәселен, Ақжар шағынауданында 10 мың шаршы метрлік саябақ жөндеуден өткен.



«Саябақтағы жұмыстар биылғы маусым айында басталған еді. Бүгінде 95 пайызын аяқтадық. Қазір өздеріңіз көріп тұрғандай, ағаш отырғызылып жатыр. Жоспар бойынша, бейнебақылау камералары да орнатылады», – деді Наурызбай ауданы әкімдігі бөлім басшысының міндетін атқарушы Оңалбек Қыдырбаев.



«Жаңа саябақтың салынғанына қуаныштымыз. Бұрынғысы аумағы бойынша кішкентай еді. Тұрғындардың бос уақытта демалатын, қыдыратын жері болғаны жақсы ғой», – деді Наурызбай ауданының тұрғыны Аслан Ілиясов.


«Саябақ әрине, жақсы. Ағаш отырғызылып жатқаны қуантады. Ауа тазарады, айналамыз әдемі болады. Балалар да қуанып жүр», – деді Наурызбай ауданының тұрғыны Алла Гонтарь.


Аудан тұрғындары қала басшысымен кездесуде балаларға арналған алаңдардың жоқ екенін де айтқан еді. Көп тілеуіне сәйкес, қазір Қалқаман шағын ауданында спорт алаңқайлары мен балаларға арналған орындар жасалып жатыр. Мамандар аталған аумақтарды қазан айы аяқталғанша қолданысқа береміз дейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Наурызбай ауданы #жол #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);