Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Наурызбай ауданында жаңа жаяу жүргіншіле...

Алматының Наурызбай ауданында жаңа жаяу жүргіншілер аймағы құрылады

Әлеумет 30.07.2025, 20:49 628
Алматының Наурызбай ауданында жаңа жаяу жүргіншілер аймағы құрылады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биылғы маусым айында Шұғыла ықшам ауданында ұзындығы 370 метр болатын осы заманғы жаяу жүргіншілер аймағын құру жұмысы басталды. Бұл жоба қалалық инфрақұрылымды дамыту мен аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға арналған маңызды қадам болмақ.  Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева осылай деп хабарлады.

«Шұғыла City» тұрғын үй кешенінің аумағында жаяу жүргіншілер аймағын салу - аудандағы абаттандырудың негізгі элементінің бірі. Жаяу жүргіншілер мен серуендеуге арналған аймақ құруды көздейтін жобада 2000 м² алаңды алып жатқан тротуар жолы мен 1200 м² веложол да болады. Сонымен қатар, аумақта балалардың ойын алаңы, баскетбол алаңы, воркаут аймағы мен шағын амфитеатр орнатылады.

««Шұғыла City» тұрғын үй кешеніндегі үйлер бізге мемлекеттік бағдарлама аясында берілді. Тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау үшін біз аумақты абаттандырып, соның ішінде жаяу жүргіншілер аймағын құруды да қолға алдық. Бұлар жаңа урбанистикалық нысандарды абаттандыру бағдарламасы аясында істеліп жатыр. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына 2,5 миллиард теңге бөлінді, бұл 34 түрлі жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Олардың ішіндегі ең ауқымдысы - жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру, құрылыс пен монтаждау жұмысының құны 450 миллион теңгені құрайды. Мақсатымыз - бұл аймақты адамдарға ыңғайлы да жайлы етіп,  тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, адамдардың өмір сүруіне қолайлы қылу», - дейді аудан әкімі Назира Тоғызбаева.

Абаттандыру барысында көше жиһаздары мен кіші сәулет нысандары орнатылып, автоматтандырылған суару жүйесі мен көшелерді жарықтандыру бағаналары орнатылады. Құрылыс жұмыстары қараша айына дейін аяқталып қалады. 
«Жасыл аймақтың жалпы ауданы 6320 м² болады, 198 м² жаңа тротуар плиткасы төселеді, сондай-ақ 85 м² цемент-құм бордюрлары қайта жөнделеді. Аулаларда ойын алаңдары аз, сондықтан ыңғайлы кеңістік құру үшін  ойын алаңдарын жабдықтамақпыз. Олар жасқа қарай бөлінеді: 4-тен 12 жасқа дейінгі балаларға арналған жеке алаңдар, сондай-ақ 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған алаңдар қарастырылатын болады. Сонымен қатар, біз серуендеуге арналған аймақ құрып, адамдардың уақытын жайлы өткізуіне мүмкіндік жасаймыз», - деп атап өтті Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева.

Жаяу жүргіншілер аймағы 44 көпқабатты тұрғын үйге жақын орналасып, 12 мыңнан астам аудан тұрғындарының еркін демалуына жағдай жасамақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жасыл аймақ #абаттандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика