AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының коммуналдық қызметі тәулік бойы қар шыға...

Алматының коммуналдық қызметі тәулік бойы қар шығарады

Әлеумет 31.01.2024, 03:11 810
Алматының коммуналдық қызметі тәулік бойы қар шығарады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының коммуналдық қызметі тәулік бойы қар шығарады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.


Алматы қаласында 30 қаңтар сағат 20:00-ден бастап аздаған қар жауа бастады. Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша қалада 3 см, таулы жерде 5 см қар түсті. 


Жолдың таулы және қауіпті аумағы сұйық реагенттермен профилактикалық өңделді, бұған 110 тонна реагент пайдаланылды.



Көктайғақтың алдын алу үшін 168 құм таратқыш арқылы көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 1290 тонна КҚМ пайдаланылды.


Таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қар сыпырылып, шығарылды. Сағат 20:00-ден бастап 4850 м3 қар шығарылды, бұл 485 өзі түсіргіш жүк көлігіне тең (қазіргі қысқы кезеңде барлығы 188 000 м3 қар немесе 18 800 өзі түсіргіш жүк көлігіндей қар шығарылды).


Түнгі уақытта 416 бірлік арнайы техника мен 268 жұмысшы жұмылдырылды. Сағат 08:00-ден бастап 436 бірлік техника мен 1125 жұмысшы қар күреуге шыққан. 


154 бірлік шағын көлемді техниканың күшімен тротуарлар мен жалпы пайдаланылатын орындар механикаландырылған түрде тазаланып, қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдерінде қар қолмен күрелді. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қар #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда құтыру ошағы анықталып, елді мекенде карантин енгізілді

Бүгін 10:19

Елімізде жыл басынан бері 900-ден астам заңсыз қару тәркіленді

Бүгін 09:59

Алматы курорттарына шамамен 3 млн адам келген

Бүгін 08:56

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:42

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);