конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының индустриялық аймағында 11 жаңа жоба іске...

Алматының индустриялық аймағында 11 жаңа жоба іске қосылады

Алматы Бүгін 14:41 43 yakiya
Алматының индустриялық аймағында 11 жаңа жоба іске қосылады

Жыл соңына дейін индустриялық аймақта 11 жаңа инвестициялық жобаны іске қосып, жаңа шағын өнеркәсіптік парктер ашып, аумақты кеңейтудің үшінші кезеңін бастағалы отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Индустриялық аймақ директоры Ерлан Жайлаубай осылай деп хабарлады.

Басшының айтуынша, биыл Индустриялық аймақта жалпы құны 12,6 млрд теңгені құрайтын 11 жоба іске қосылмақшы. Соның арқасында 691 жаңа жұмыс орны ашылады. Оның алтауы өнеркәсіптік секторға жатады екен.

Ең маңызды жобаның қатарында жылу мен су жүйесіне арналған жабдықтар өндірісін кеңейту, Euro Truck Service логистикалық кешенін салу, парақ ПВХ шығаратын кәсіпорын ашу, газоблоктар мен ALC-панельдер өндірісін іске қосу, тұрмыстық қағаз өнімдерін шығаратын зауыт ашып, металлдан жасалған жол мен көпір конструкциясын өндіретін кәсіпорын да бар.

Ерлан Жайлаубайдың айтуынша, жаңа жобаның барлығы отандық өнеркәсіпті дамытудың басым бағыттарына сай қолға алыныпты.

«Құрылыс материалдары, машина жасау, көлік-логистика, химия өнеркәсібі, қалдықты қайта өңдеу мен күнделікті тұтынатын тауарларды өндіретін салалар қарқынмен дамып келе жатыр. Дәл осы салалар әртараптандырылған замандық экономиканың негізін құрайды, импортты алмастыруға ықпал етіп, ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін арттыруға сеп болады», — дейді ол.

Сонымен қатар шағын және орта бизнеске арналған инфрақұрылымды дамытуды да қатар қолға алып жатыр. Биыл Алматыда жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асатын 5 жаңа шағын өнеркәсіптік парк ашу жоспарланған. Бұл 400-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға жәрдемдесіп, өндірістік кәсіпорындарды орналастыру мүмкіндігін кеңейтеді.

Индустриялық аймақтың ұзақ мерзімді дамуына да ерекше назар аударылды. Директордың айтуына қарағанда, Алматының әкімдігі қазір өнеркәсіптік алаңды кеңейтудің үшінші кезеңін пысықтап жатыр екен.

Индустриялық аймақ аумағы шамамен тағы 376 гектарға ұлғаяды. Қазір жалпы аумағы 323 гектар болатын жер учаскесі сатып алынған.

Жаңа кезеңді іске асыру қосымша жоғары технологиялы өндірісті орналастыруға, жаңа инвесторларды тартуға, мыңдаған жұмыс орнын құрып, қала бюджетіне түсетін салық көлемін де едәуір арттыруға көмегі тиеді.

Ерлан Жайлаубайдың айтуынша, бүгінгі таңда Алматы индустриялық аймағы қарапайым өндірістік алаң шеңберінен шығып, толыққанды өндірістік экожүйеге айналды. Автомобиль жасау саласының дамуы қосалқы бөлшектер өндіретін кәсіпорындардың пайда болуын ынталандырады, құрылыс материалдарын өндіру ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етеді, логистикалық кешендер жеткізу тиімділігін арттырады, ал қайта өңдеу кәсіпорындары айналмалы экономика қағидаттарын енгізуге ықпал етеді.

Мұндай кешенді тәсіл Алматыны елдегі жаңа өндірістерді орналастыратын ең тартымды өңірдің біріне айналдырып отыр.

Алдағы уақытта Индустриялық аймақ Қазақстандағы жоғары технологиялы өнеркәсіптің жетекші орталықтың біріне айналуы тиіс. Дамудың негізгі бағыты ретінде жоғары қосылған құны бар жобаларға инвестиция тарту, машина жасау, электронды және химиялық өнеркәсіпті дамыту, жаңа буын құрылыс материалдарын өндіру, логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, өнеркәсіптік қалдықты қайта өңдеу мен өндірістік процестерге цифрлық технологияны кеңінен енгізу айқындалған.

Қорытындылай келе, директор қысқа уақытта Индустриялық аймақта замандық өндірістік инфрақұрылым қалыптасып, ондаған инвестициялық жоба іске асқанын, жүздеген миллиард теңге инвестиция тартылып, қаншама жұмыс орны ашылып, триллиондаған теңгенің өнімі өндірілгенін атап өтті.

Оның айтуынша, Индустриялық аймақтың одан әрі дамуы Алматының Қазақстандағы жетекші өнеркәсіптік, инвестициялық және инновациялық орталық ретіндегі позициясын нығайтып, отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, елдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге және ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Индустриялық аймақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда су қорғау аймағындағы 17 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Бүгін 15:31

Жаңа конституция азаматтардың құқығын қорғайды

Бүгін 15:27

Жас белсенділер жаңа конституцияның күшіне енуін қолдады

Бүгін 15:22

Еріктілерді алғаш рет конституциялық деңгейде таныды

Бүгін 15:21

Жас IT мамандары жаңа конституциядағы цифрлық құқықтың маңызын атап өтті

Бүгін 15:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);