Алматының Бостандық ауданында салық түсімі 34%-ға өсті

Алматының Бостандық ауданында салық түсімі 34%-ға өсті Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Бостандық ауданында жаңа кәсіпкерлік нысандарында 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Аудан қалада инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр. Биылғы жылдың 7 айында 150 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. 

Жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8%-ға өсіп, 64 717-ге жетті. Бұл 5 мыңнан астам тұрғынды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етті. Салық түсімі 34%-ға өсіп, 320 млрд теңгеге жетті.

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге аудан бюджеті маусым айында 32%-ға ұлғайып, 29,1 млрд теңге болды. Қаражат инженерлік желілерді жаңғыртуға, көлік жүйесін дамытуға және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21