AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Бостандық ауданында 9 көше мен 33 шақыры...

Алматының Бостандық ауданында 9 көше мен 33 шақырым жол жаңарады

Алматы 06.04.2026, 12:09 473
Алматының Бостандық ауданында 9 көше мен 33 шақырым жол жаңарады
Алматы әкімдігі

Алматының Бостандық ауданында 9 көше мен 33 шақырым жол жаңарады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бостандық ауданында биыл ауқымды абаттандыру бағдарламасы жүзеге асады: «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жалпы ұзындығы 32,9 шақырым болатын 9 негізгі көше жаңартылып, жарықтандыру жүйесі жаңғыртылады, веложолдар мен қоғамдық кеңістіктер салынады, сондай-ақ Үлкен Алматы өзенінің арнасы қайта жаңғыртылады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Азамат Қалдыбеков осылай деді.

Оның айтуынша, жұмыс Розыбақиев, Сәтбаев, Жароков, Тимирязев, Жандосов, Абай, Бұқар жырау, Масаншы мен Мүсірепов көшесін қамтымақ. Жоба аясында үлкен ағаштарды қоса алғанда, ағаш егіп, сондай-ақ сәндік және бұталы өсімдіктер егу арқылы кешенді түрде көгалдандыру жұмысы қолға алынбақшы. Сонымен қатар осы заманғы шамдарды орната отырып, көшенің жарығын кезең-кезеңімен ауыстыру, шағын сәулет нысандарды орнату жағы да қарастырылған. Бұдан бөлек, аталған көшелерде веложолдар мен қоғамдық көлікке арналған арнаулы жолақтар пайда болады.

«Біздің міндетіміз — әр көшеде тұрғындарға ыңғайлы әрі қауіпсіз болатын жайлы әрі замандық қалалық орта қалыптастыру. Біз «қасбеттен қасбетке дейін» қағидатын іске асырып, жол жабынын ғана емес, оған іргелес бүкіл инфрақұрылымды кешенді түрде жаңартамыз. Бұл өмір сүру сапасын арттырып, ауданды тұрғындар үшін тартымды етеді», — дейді әкім.

Жобаның маңызды бөлігі инженерлік қайта жаңғырту болады: ашық арықтар жабылып, «Таза аспан» қағидаты бойынша жерасты науалары мен коммуникациялар тартылады. Бұл инженерлік желілерді ретке келтіріп, көшелердің сыртқы келбетін жақсартады. Абаттандыру жұмысының барлығын биылғы жылдың соңына дейін аяқтауды межелеп отыр.

Сонымен қатар ауданда экологиялық жоба — Үлкен Алматы өзенінің арнасын №1 тұндырғыштан Абай даңғылына дейінгі учаскеде қайта жаңғырту жүзеге асырылып жатыр. Мұнда жағалауды нығайту, су бұру жүйесін дамыту, көгалдандыру мен жайлы қоғамдық кеңістік құрылады.

«Біз экологиялық инфрақұрылым мен табиғи аумақты абаттандыруға ерекше назар аударамыз. Үлкен Алматы өзенінің арнасын қайта жаңғырту қауіпсіздікті арттырып қана қоймай, тұрғындар үшін жаңа тартымды орындар қалыптастырады. Нәтижесінде қала тұрғындары демалу мен серуендеуге арналған қолайлы кеңістікке ие болады», — деп атап өтті әкім.

Үлкен Алматы өзеніндегі құрылыс-монтаж жұмысын алдағы 30 мамырға дейін аяқтамақ (Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше). Барлық жобаны іске асыру қалалық ортаның сапасын арттырып, тұрғындарға жайлы жағдай жасауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бостандық ауданы #жол #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

6 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 09:05

Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 22:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Кеше 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Кеше 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);