AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Бостандық ауданында 2 670 жұмыс орны ашы...

Алматының Бостандық ауданында 2 670 жұмыс орны ашылды

Әлеумет 26.07.2021, 15:25 1,971
Алматының Бостандық ауданында 2 670 жұмыс орны ашылды
Сурет: 7kun.kz

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында басты әлеуметтік мәселелерді шешу туралы хабарлады. 


Ол жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеті жаңа жұмыс орындарын ашу екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Алтай Рахымбетов 2021 жылдың басында 4 000 жұмыс орнын ашу бойынша жылдық жоспар белгіленгенін, қазіргі кезде 66%-ға жуығының орындалғанын, 2 670 жұмыс орнының ашылғанын айтты.



«Жыл соңына дейін жоспарды 117,5% орындап, 4 699 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, 1 230 жұмысшы құрылысқа жұмылдырылып, жаңа коммерциялық нысандарға жұмысқа орналасады. Олар жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында ашылады, сондай-ақ спорттық, әлеуметтік нысандарда, энергетика мен абаттандыруда жұмыс орындары пайда болады», - деді Алтай Рахымбетов.



Бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Бостандық ауданының әкімі қала тұрғындарын қолдауға әрі жұмысқа орналастыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы айтты.



«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ауданда 2 802 адам жұмысқа қабылданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 184 алматылық жіберілді. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 171 адам жұмысқа тұрды, қоғамдық жұмыстарға 1117 адам жіберілді, ауданның 1171 тұрғыны тұрақты жұмысқа орналастырылды», – деді Алтай Рахымбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бостандық #жұмыс #орын #работа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);