AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының бес шағынауданының жолдары жөнделеді

Алматының бес шағынауданының жолдары жөнделеді

Әлеумет 27.07.2022, 09:45 2,035
Алматының бес шағынауданының жолдары жөнделеді
Сурет: Baigenews.kz

Бүгінгі таңда 84 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.


Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы қаласындағы жолдар мен инженерлік желілер салынатын шағын аудандардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қаласы әкімдігінің қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжаханның айтуынша, қазіргі таңда "Алғабас", "Әлмерек", "Қайрат" шағынаудандарында жұмыстар жалғасып жатыр және "Ақжар" шағынауданында жол құрылысы басталды, онда 48 шақырымға жуық жаңа жол салу жоспарлануда.


Ол "Қайрат" және "Әлмерек" шағынаудандарындағы жұмыстардың Энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен келісе отырып, инженерлік желілердің құрылысының аяқталуына қарай жүргізіліп жатқанын айтты.



"Алғабас" шағынауданында 2021 жылы 11 шақырым жол салынса, биылғы жылдың соңына дейін тағы 9 шақырым жол салу жоспарлануда», - деді спикер.



"Ақжар" шағынауданында жұмыстар биылғы жылдың сәуір айында басталған. 10 шақырымға жуық жаңа жол салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 17 көшеге 3 шақырым жол салынды. Толық аяқтау 2023 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.


Бұдан бөлек, "Шұғыла" шағынауданында 6,9 шақырым жаңа жолдың құрылысын басталмақ.


Сөзін қорытындылаған Ернұр Абжахан 2022 жылы жол жабынын орташа жөндеу аясында ұзындығы 219 шақырымды құрайтын 225 көшенің жол жабынын жөндеу жоспарланғанын айтты. Оның ішінде 21-і магистральді көше, ұзындығы 66,3 км. Бүгінгі таңда ұзындығы 50 шақырым болатын 84 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 85 шақырым болатын 59 көшеде жұмыс кестеге сай жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жол #аудан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);