Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының бейнебақылау жүйесіне тұлғаларды тану қы...

Алматының бейнебақылау жүйесіне тұлғаларды тану қызметі енгізіледі

Әлеумет 12.09.2022, 09:34 1,290
Алматының бейнебақылау жүйесіне тұлғаларды тану қызметі енгізіледі
bjcxzd.com

"Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар бағдарламасында" күні бүгінге дейін бейнебақылаумен қамтылмаған әлеуметтік объектілерде 7 мыңға дейін бейнебақылау камераларын орнату қарастырылған. Бұл жұмыс келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Бұдан басқа, есепке алынған және жоғалған адамдарды іздеу кезінде жедел әрекет ету, әуежайда, вокзалдарда және адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2026 жылдан бастап барлық бейнебақылау жүйелеріне бейнеаналитика және тұлғаларды тану функциясы интеграцияланатын болады.



2027 жылға қарай бейнебақылау жүйесі Алматы полиция департаментінің жедел басқару орталығына бейне суретті шығара отырып, террористік тұрғыдан осал барлық объектілер мен көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің аулаларында камералар орнату есебінен кеңейтілетін болады, бұл түтінді, отты, қалдырылған заттарды тану және оларға жедел ден қою сияқты ықтимал қатерлердің болуын қадағалауға мүмкіндік береді.



Алматыны дамыту бағдарламасына сәйкес, 2025 жылға дейін адамдар көп жиналатын жерлерде "SOS дабыл түймесі" шұғыл аудио/бейне қоңырау жүйесін орнату аяқталады, бұл жасалған заңсыз әрекеттерге жедел ден қоюға, сондай - ақ кезекші полиция қызметкерін бейне және аудиобайланыс арқылы дереу қосуға мүмкіндік береді.



Қала құрылысы аясында қауіпсіздік мәселелерін шешуде түрлі көзқарасты болдырмау және қолайлы және қауіпсіз көшелерді қалыптастыру процесінің тиімділігін арттыру үшін 2030 жылға дейін көшелерді кешенді реконструкциялау тәсілі – жарық, бейнебақылау, жаяу жүргіншілер аймағы, дренаж, көгалдандыру және велосипед жолы енгізілетін болады.



Көліктік микромобильді инфрақұрылымды салу үшін көшелердің геометриясы өзгертіледі, бұл оларды жөндеу жобасын жасауға мүмкіндік береді, оның аясында проблемалар  бірден шешілетін болады: қаланың ескірген жасыл қоры мен нөсер желісін жаңарту, халықтың мүмкіндігі шектеулі тобы үшін кедергісіз орта құру, Алматы жолдарындағы апатты төмендету үшін Vision Zero тұжырымдамасының элементтерін енгізу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #бейнебақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика