AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының «Бақытты отбасы» орталықтарында халық са...

Алматының «Бақытты отбасы» орталықтарында халық санағынан онлайн өтуге болады

Әлеумет 08.09.2021, 09:41 1,226
Алматының «Бақытты отбасы» орталықтарында халық санағынан онлайн өтуге болады
Сурет: Inbusiness.kz

Қала бойынша 9 қолдау орталығы бар, олардың барлығы компьютерленген. Мамандар халық санағын өткізуге көмектеседі және барлық ниет білдірген қала тұрғындарына осы мәселе бойынша кеңес береді.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматының «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Зульфия Байсақова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Зульфия Байсақованың айтуынша, халық санағы халықтың нақты құрылымын анықтауға және қаланың мен жалпы елдің дамуын жоспарлау үшін маңызды болып табылатын басқа да бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі.



 «Жоспарлау тұжырымдамасы бар, сондықтан халық санағы аясында алынған барлық мәліметтер, әсіресе, балалардың, ата-аналардың сандық көрсеткіштері, олардың мәртебесі қазақстандықтардың қажеттіліктерін шешуге көмектесетін сол мемлекеттік бағдарламаларды жасауға мүмкіндік береді. Тұрғын үй құрылысына қажеттілікті анықтау үшін қалалық инфрақұрылымды жоспарлау, балабақшалар, мектептер, емханалар, көлік байланыстарын жоспарлау үшін қанша бала өмір сүретінін, неше жаста екенін анықтау маңызды», - деді Зульфия Байсақова.



 «Бақытты отбасы» орталығының басшысы санақты онлайн режимінде өтуге болатынын айтты. Егер мұны өз бетіңізше жасай алмасаңыз, онда орталықтың көмегіне жүгінуге болады.



«Адамдар санаққа қатысуды назардан тыс қалдырмауы керек, бұл 30 минутты алады, орталықтарға келіңіз, біздің мамандар онлайн сауалнамаларды толтыруға көмектеседі. Санақ елімізде көп балалы отбасылардың қалай өмір сүретінін, бірнеше жылдан кейін бізде қанша зейнеткер болатынын анықтауға көмектеседі», - деді Зульфия Байсақова.



Санақтың онлайн форматы қала тұрғындарына www.sanaq.gov.kz мамандандырылған сайты арқылы қолжетімді. Сауалнамаға, респонденттің орналасқан жеріне қарамастан, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 15 қазанына дейін қатысуға болады. Тұрғындардан үйден-үйге үздіксіз сауалнама жүргізудің дәстүрлі форматы ағымдағы жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін электронды планшеттер бойынша сұхбат берушілерден сауалнама алу арқылы жүргізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #отбасы #санақ #онлайн #халық #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);