конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңк...

Алматының Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңке жаңа орынға көшірілді

Әлеумет 24.04.2026, 15:16 305 yakiya
Алматының Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңке жаңа орынға көшірілді

Алматының Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңке жаңа орынға көшірілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңке жаңғырту жұмыстарына байланысты жаңа орынға ауыстырылды. Бұл туралы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері хабарлады.

Бұған дейін жәрмеңке Өтеген батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан болатын. Қазіргі уақытта ол Рысқұлбеков көшесінде, Щепкин көшесі аралығында, ҚазБСҚА университетіне қарсы (автотұрақ аумағында) өткізіліп жатыр.

Бостандық ауданында да жаңғырту жұмыстары жоспарланғанымен, жәрмеңке әзірге бұрынғы орнында — «Қазақфильм» шағын ауданында жұмысын жалғастыруда. Көшіру мүмкіндігі туралы қосымша хабарланады.

Медеу ауданындағы (Меңдіқұлов және Бектұров көшелері) және Алмалы ауданындағы (Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы) жәрмеңкелер бұрынғыдай жұмыс істеп тұр.

Жәрмеңкелерде 300-ден астам отандық өндіруші мен фермерлік шаруашылықтардың 1000-нан астам түрлі өнімі ұсынылған. Олардың қатарында ет және сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, бал және басқа да тауарлар бар.

Жәрмеңкелер әр апта сайын сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өткізіледі. Өнімдер тікелей жеткізілім есебінен нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен сатылады.

Сауда алаңдарын жаңғырту жұмыстары қолайлы сауда ортасын қалыптастыруға бағытталған. Бұл аясында павильондар, санитарлық инфрақұрылым, автотұрақ аймақтары жасақталып, маңайы көркейтіледі.

Жұмыстардың аяқталуы туралы қосымша хабарланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

Бүгін 17:16

«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

Бүгін 17:01

Алматыда тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдары талқыланды

Бүгін 16:58

Алматыда жүк көліктеріне арналған жаңа жол белгілері орнатылады

Бүгін 16:48

Алматының Наурызбай ауданында 250 мыңнан аса гүл көшеті егілді

Бүгін 16:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);