Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Әуезов ауданындағы 2026 жылға арналған...

Алматының Әуезов ауданындағы 2026 жылға арналған жобалар

Әлеумет Бүгін 11:58 38
Алматының Әуезов ауданындағы  2026 жылға арналған жобалар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына арналған баспасөз конференциясында Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев мектеп пен балабақшадағы орын тапшылығын қалай шешіп жатқанын, қандай жаңа нысандар салынатынын және денсаулық сақтау мен жастар саясаты саласында қандай өзгеріс болып жатқанын баяндады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір аудан мектептерінде 59 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр екен, орын тапшылығы 5 мыңнан асқан.

«Ауданда 54 мектеп жұмыс істейді, оның 33-і мемлекеттік, 21-і жекеменшік. Онда 59 мыңнан астам бала оқиды. 5 мыңнан астам орын тапшылығы бар. Сондықтан ескі мектептің орнына жаңа ғимарат салып, жұмыс істеп тұрған мектептерге қосымша құрылыс салып жатырмыз. Бұл мәселені ішінара шешіп, орын тапшылығын шамамен 3 мыңға қысқартады», - деді әкім.

Ауданда бірден 7 жаңа мектеп ғимаратын салу жоспарланған. Қолданыстағы екі мектепке жапсарлас құрылыс жүргізіп, қосымша 700 оқушы орнын ашпақ. Жандосов пен Сайын көшесінің қиылысында тағы бір халықаралық үлкен жоба — Charterhouse Almaty мектебі салынып жатыр. Бұл театр, спорт залдары мен бассейні бар осы заманғы кампус болады. Онда қазақстандық стандарттарды ескере отырып британдық бағдарлама бойынша оқытпақшы.

Қазір ауданда 47 мемлекеттік және 104 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Дегенмен, шамамен 6 мың орындай орын тапшылығы әлі де бар.

«Өткен жылы біз екі жаңа балабақшаны пайдалануға бердік. Қазір бірнеше нысанның құрылысы мен реконструкциясын жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 120 орындық жаңа балабақшалар салу мен қолданыстағы ғимараттарды жаңарту жағы да бар. Бірнеше жоба бойынша құжат әзірленіп, қазір сараптамадан өтіп жатыр», — деп атап өтті аудан басшысы.

Жоспар бойынша Таугүл мен Ақсай шағынауданында жаңа балабақшалар салынып, бірнеше мекеме қайта жаңғыртылмақ. Кейбір жоба қазір мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

Жастар мен мәдениетке де ерекше көңіл бөлінген. Ауданда 5 жоғары оқу орны мен 18 колледж жұмыс істейді, онда 40 мыңнан астам студент білім алады. Комьюнити-орталық 10 мыңнан астам жасты қамтып отыр. Сонымен қатар Наталия Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрын қай жаңғырту жұмысын 2026 жылдың жазында аяқтау жоспарланған.

«Біз жастарға тек білім алу үшін ғана емес, жан-жақты даму үшін де жағдай жасауға тырысамыз. Ауданда университеттер мен колледждер жұмыс істейді, шығармашылық және спорттық бағдарламалар да қолға алынған. “Damu Bala” бағдарламасы аясында биыл 2,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 6 мыңнан астам бала қамтылды. Бұл балаларға спортпен, шығармашылықпен тегін айналысуға мүмкіндік береді», - деді Абзал Егембердиев.

Денсаулық сақтау саласында ауданда 11 мемлекеттік пен 38 жекеменшік медициналық мекеме жұмыс істейді. Емханаларға 363 мыңнан астам адам тіркелген. Биыл №16 емхананың күрделі жөндеуі аяқталады, сондай-ақ Қуаныш шағынауданында ауысымына 300 келушіге арналған №18 емхананың жаңа бөлімшесі салына бастайды. Сонымен қатар, 67 орындық жаңа балалар ауруханасының ғимараты да қоса салынып жатыр.

Сондай-ақ №15 емхананың ғимаратын қайта жаңғырту жоспарланған. Әкімнің айтуынша, бұл жобалардың барлығы тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітап оқу үрдісі ұлттың озық қасиетіне айналғаны жөн»

Бүгін 13:35

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді

Бүгін 13:29

Дәуір тұлғасы: Қуаныш Әжмағамбетов және оның Жетісу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі

Бүгін 13:28

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»

Бүгін 13:10

«Таза Қазақстан»: тұрғындардың өтінімдері Telegram-бот арқылы үздіксіз қабылдануда

Бүгін 12:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика