конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Әуезов ауданындағы 161 аулада күрделі жө...

Алматының Әуезов ауданындағы 161 аулада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Әлеумет 04.10.2022, 03:19 1,055 Almaty-akshamy
Алматының Әуезов ауданындағы 161 аулада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Сурет: Almaty.tv

Әуезов ауданында соңғы 5 жылда салынған тұрғын үй кешендеріндегі аулаларға көптің көңілі толмайды


Алматының Әуезов ауданында 161 аулада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мердігер компания өкілдері шаруаны күздің соңына дейін аяқтамақ. Айта кетейін, қала әкімінің кездесуі кезінде аудан тұрғындары абаттандыру мен жарық бағаналарына қатысты мәселені көп көтерген болатын. Толығырақ Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Әуезов ауданында соңғы 5 жылда салынған тұрғын үй кешендеріндегі аулаларға көптің көңілі толмайды. Әсіресе балалар алаңы мен скверлер сапасыз орнатылған, абаттандыру жұмыстары ақсап тұр дейді халық. Бұл мәселені қала басшысы аудан жұртымен кездескенде де айтқан.


Халық шағымын тыңдаған қала әкімі жауаптыларға бірден тапсырма жүктеген. Аудан басшылығы мекенжайларға арнайы барып тексеру жүргізді. Мұндағы ойын алаңқайларын жекеменшік мердігер компания салған. Енді олар өз қаражатына қайта жөндеу жүргізілері керек.



«Қала әкімінің кездесуінен кейін мердігер компания өкілдерін шақырдық. Балалар алаңындағы олқылықтарды бір айдың ішінде келіп, дер кезінде жөндеп кетті. Жұмыс толық аяқталды деп айтуға ерте. Енді жарық бағаналарын орнату ғана қалды. Бұл шаруа да үйді тұрғызған жеке меншік компанияның жауапкершілігінде», – деді «Спутник» тұрғын үй кешенінің басқарушысы Абай Ерімбетов.



«Біздер өтініш жаздық, тұрғындар болып. Әкімшілікке, ЖКХ-ға жаздық. Содан кейін қайтадан жасап берді бұл жерді, рақметімізді айтамыз. Қазір өте ыңғайлы, балаларымыз таңнан кешке дейін осы жерде ойнайды шыны керек», – деді Әуезов ауданының тұрғыны Гүлдана Сафеева.


Сондай-ақ, қазір жергілікті бюджет қаражаты есебінен 161 аулаға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Жұмыс 15 қыркүйекте басталған.



«Біздің жоспар бойынша 191 аула жөнделуі керек болатын. Қазір 161 аулаға жөнду жүргізіліп жатыр. Бізде қалған 7 және 12 ықшам аудандары. Қазір ауа райының құбылауына байланысты бұл жұмыстарды кейінгі жылға қалдырамыз деп жоспарлап отырмыз», – деді Әуезов аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы  Ерасыл Бақытжанұлы.



Ауланы абаттандыру мен балалар алаңын салу жұмыстарының басым бөлігі «Халық қатысатын бюджет» жобасы есебінен жүргізіледі. Тұрғындар игілігін көріп үлгерген қалалық бағдарлама алдағы жылы да жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әуезов ауданы #аула #күрделі жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жуалы көшесінің бір бөлігінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Кеше 16:00

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Кеше 15:52

Алматыда «БЕС АСЫЛ» республикалық ұлттық өнер байқауы өтті

Кеше 15:49

Ғазиза Құдайберген: газет-журнал шығару үрдісі үзілмеуге тиіс

Кеше 10:02

«Медеу» бөгетінің аңызға айналған 842 сатысын 3 мыңға жуық адам бағындырды

27.06.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);