Алматының Әуезов ауданында бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетті қалыптастыру жұмыстары жалғасып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, дизайн-код талаптарын іске асыру аясында Сәулет және қала құрылысы басқармасымен, сондай-ақ Полиция департаментімен бірлесіп заңсыз орналастырылған 1 500-ге жуық маңдайша мен жарнама құрылымы алынып тасталды.
Сонымен қатар Алтынсарин және Абай даңғылдары, Саин, Жандосов, Шаляпин және Төле би көшелерінің бойындағы 15 учаскеде ғимараттардың қасбеті мен маңдайшасын қаланың дизайн-коды талаптарына сәйкестендіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда.
Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, кәсіпкерлік нысандарының иелеріне қасбеттер мен маңдайшаларды Алматының дизайн-коды талаптарына сәйкестендіру қажеттігі туралы 200-ден астам хабарлама табысталды.