Қаланы сүю оның қоғамдық өміріне белсенді араласып, болашағына бейжай қарамау арқылы да көрініс табады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Дауыс беру күні әр адам үшін өзіндік мәнге ие. Бірі үшін бұл азаматтық ұстанымын білдіру мүмкіндігі болса, енді бірі үшін қаланың дамуына үлес қосып, қоғамдық өмірге араласудың жолы.
Алматылық балерина, «Mrs Kazakhstan 2026» сұлулық байқауының финалисі Ұлар Сармұханова мәслихат депутаттарының сайлауына қатысу үшін №690 сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады.
Ұлар Сармұханова – сахнаға шығып, көрерменге өнердің әсемдігі мен ерекше әсерін сыйлап жүрген жан. Ал бүгін ол алматылықтардың ортақ таңдауына қатысып, ел өміріндегі маңызды оқиғадан шет қалмады.
Өйткені қаланы сүю тек сөзбен немесе күнделікті іспен емес, оның қоғамдық өміріне белсенді араласып, болашағына бейжай қарамау арқылы да көрініс табады.