AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Әуезов ауданында екі балабақша ашылып, ж...

Алматының Әуезов ауданында екі балабақша ашылып, жаңа мектептер салынып жатыр

Алматы Бүгін 15:58 43
Алматының Әуезов ауданында екі балабақша ашылып, жаңа мектептер салынып жатыр

Әуезов ауданында желтоқсан айында бұрынғы ғимараттың орнына жаңа №13 мектеп пен қазан айында №1 мектеп-гимназияға қосымша ғимарат салып бітеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сонымен қатар ауданда жаңа мектеп, балабақша мен медициналық нысандар салынып, жобаланып жатыр. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту барысы туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында аудан әкімі Абзал Егембердиев айтып берді.

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда ауданда 54 мектеп жұмыс істейді. Оның 33-і мемлекеттік те, 21-і жекеменшік мектеп екен. Мұнда 59 мыңнан астам бала білім алады. Сонымен қатар оқушы орнының тапшылығы 6 мыңнан асады.

Осы тапшылықты азайту үшін биыл сәуір айында №13 мектеп салына бастады. Жобаның құны 9,1 млрд теңге. Ал №158 мектептің құрылысы 1 қыркүйекте басталып, ол жұмысты 2027–2028 жылы аяқтамақ ойда. Нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмысының құны 8,9 млрд теңгені құрайды.

«Қазан айында наурыз айында салына бастаған №1 мектеп-гимназияға қосымша ғимараттың құрылысы аяқталады. №42 мектептің құрылыс-монтаж жұмысы 1 қыркүйекте басталып, оны 2027 жылы аяқтамақ. №133, №5 пен №6 мектеп-гимназиясы, сондай-ақ №116 мектеп бойынша қазір мемлекеттік сараптама мен сейсмооқшаулау жүйесін әзірлеу жұмысы жүргізіліп жатыр. №104 мектеп бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

«№72 мектеп салу үшін қосымша жер телімін алып қою жұмысы қолға алынды. Мектептің жобалық қуатын 380-нен 1 200 оқушы орнына дейін арттыру жоспарланған», – деп толықтырды сөзін Абзал Егембердиев.

Әкімнің айтуынша, қазір ауданда мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы 5 895 орынды құрайды екен. Қыркүйек айында мұнда 2025 жылы салынған екі жаңа бөбекжай ашылды. №10 шағын ауданда 160 орындық, «Алтын бесікте» 120 орындық нысан пайдалануға берілді.

«Алдағы уақытта Таугүл-1 шағын ауданындағы №58 бен №1 шағын аудандағы №29 бөбекжайды қайта жаңғырту жоспарланған. Таугүл-1 шағын ауданында №72 мектеп бөлімшесі мен №53 бөбекжайдың апатты ғимаратын бұзып, жаңа бөбекжай салу көзделіп отыр. Сондай-ақ №2 шағын ауданда, бұрынғы “Ақ-Ниет” жекеменшік мектебінің орны мен Ақсай-2 шағын ауданында, бұрын №52 бөбекжай аумағында орналасқан “Арай” жекеменшік мектебінің орнында жаңа бөбекжай салынады», – дейді аудан әкімі.

Денсаулық сақтау саласында да біраз жаңа жоба қолға алынды. Қазір №16 қалалық емханаға күрделі жөндеу жүргізу мен ғимаратты күшейту жұмысы аяқталып қалды. №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының аумағында ауданы 11,7 мың шаршы метр болатын, 67 төсек-орынға арналған жаңа үш қабатты ғимарат салынып жатыр. Жобаның құны 15,4 млрд теңге болады.

«Сонымен қатар “Қуаныш” шағын ауданында 300 адамға арналған №18 қалалық емхананың бөлімшесін жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Қолданыстағы жер телімі қазандық, трансформаторлық қосалқы станция мен автотұрақ орналастыруға жеткіліксіз. Сондықтан ауданы 0,18 гектар болатын қосымша жер телімі сатып алынады», – деп толықтырды сөзін аудан әкімі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әуезов ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 266,4 млрд теңге салық түсті

Бүгін 16:31

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

Бүгін 16:15

Алматының Әуезов ауданы әлеуметтік қолдауға 3,9 млрд теңге бөлді

Бүгін 16:05

Әуезов ауданының 6 мыңнан астам тұрғыны «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін 16:04

Алматының Әуезов ауданында Жұбанов көшесі абаттанып, Qadam саябағы салынып жатыр

Бүгін 16:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);