Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Әуезов ауданында биыл 7,4 мың қызмет көр...

Алматының Әуезов ауданында биыл 7,4 мың қызмет көрсетілді

Әлеумет Бүгін 12:02 36
Алматының Әуезов ауданында биыл 7,4 мың қызмет көрсетілді

Аудан әкімі Абзал Егeмбердиев әлеуметтік қолдау шаралары, қаржыландыру мен осал топтағы тұрғындарға арналған жобалардың қалай іске асып жатқанын баяндады., – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы Әуезов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз конференциясы болып өтті. Онда аудан әкімі Абзал Егeмбердиев әлеуметтік қолдау шаралары, қаржыландыру мен осал топтағы тұрғындарға арналған жобалардың қалай іске асып жатқанын баяндады. Оның айтуынша, жыл басынан бері аудан тұрғындарына 7 435 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, әлеуметтік салаға бөлінген қаржының көлемі 3,997 млрд теңгеге жетіпті.

«Біздің жұмысымыздың басым бағытының бірі — тұрғындардың әлеуметтік тұрғыдағы осал топтарын қолдау. Қазір ауданда 15 түрлі мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Әлеуметтік салаға бөлінген жалпы қаржы көлемі шамамен 4 млрд теңгені құрайды, оның елеулі бөлігі мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға бағытталған. Біз нақты және жүйелі көмек көрсетуге тырысып, оны қажет ететін адамдарға бағыттаймыз», - деп атап өтті әкім.

Мүгедектігі бар адамдарды қолдауға 2,906 млрд теңге бөлінген. Әлеуметтік көмекке — 823,5 млн теңге, атаулы әлеуметтік көмекке — 174,7 млн теңге, тұрғын үй көмегіне — 4,05 млн теңге, үйде оқуға — 28,8 млн теңге қарастырылған. Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмекті 504 адам, 70 алматылық тұрғын үй көмегін алған.

«Негізгі төлемдерден бөлек, қосымша қолдау жағы да жүзеге асырылып жатыр. 1 602 адам 7 АЕК көлемінде 48,6 млн теңгеге алды. 942 тұрғынға 81,5 млн теңгедей біржолғы көмек көрсетілді. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен Ауған соғысының ардагерлері де ескерілді. Бұл біздің әлеуметтік саясатымыздың маңызды бөлігі», - деп атап өтті аудан әкімі.

Ауданда мүгедектігі бар адамдарды қолдау жұмысы да жалғасып жатыр. Жеке көмекші қызметін 510 адам алған, сурдотәржіма қызметі — 115 адамға көрсетіліп, арба, протездеу мен оңалту құралдары берілген. 217 адам санаторлық-курорттық емделуге жіберілген. Сонымен қатар, үйде оқыту жағы 167 адамды қамтып, оған 8,5 млн теңге жұмсалыпты.

Ауданда әлеуметтік жобалар да жүзеге асып жатыр. Отбасы қолдау орталығы көпбалалы және аз қамтылған отбасыға көмек көрсетіп, қамтылған адамдар саны 21 мыңнан асты. «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубының үш бөлімшесі 640 баланың мектептен тыс дамуына жағдай жасайды. «Тең қоғам» орталығы мүгедектігі бар адамдарға құқықтық және психологиялық көмек көрсетеді, «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жобасы 20 мың қартқа қызмет көрсетеді.

«Әуезов ауданы қарт адамдардың саны бойынша ең үлкен аудан. Мұнда шамамен осындай 50 мың адам тұрады. Осыған байланысты қарттар инфрақұрылымын дамытуға кірістік. Бүгінгі таңда ауданда екі «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жұмыс істейді, бірақ сұраныс жоғары. Қазір үшінші бөлімшені ашу жағы да қарастырылып жатыр», - дейді аудан басшысы.

Әкімнің айтуынша, әлеуметтік саладағы жұмысты әлі де жалғастыра берекеші. Әсіресе қызметтерді қамту көлемін кеңейтіп, тұрғындардың барлық тобы үшін оларды қолжетімді етуге басымдық беріліп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік осал топтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітап оқу үрдісі ұлттың озық қасиетіне айналғаны жөн»

Бүгін 13:35

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді

Бүгін 13:29

Дәуір тұлғасы: Қуаныш Әжмағамбетов және оның Жетісу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі

Бүгін 13:28

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»

Бүгін 13:10

«Таза Қазақстан»: тұрғындардың өтінімдері Telegram-бот арқылы үздіксіз қабылдануда

Бүгін 12:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика