AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Әуезов ауданы 40 шақырымнан асатын инжен...

Алматының Әуезов ауданы 40 шақырымнан асатын инженерлік желі мен көше жарығын жаңартады

Әлеумет 10.04.2026, 11:22 436
Алматының Әуезов ауданы 40 шақырымнан асатын инженерлік желі мен көше жарығын жаңартады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мен сыртқы жарықтандыру жүйесін дамыту жоспары қалай іске асып жатқанын айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аудан басшысының мәліметінше, Достық шағынауданында 15,7 шақырым су құбыры мен кәріз желісі салынып біткен. Жоба аясында шамамен 800 үй қосылып, 3,5 мың тұрғын қамтылыпты.

Таугүл шағынауданында тағы 2 шақырым инженерлік желі салынып жатыр. Бұған дейін осы жоба аясында 23,6 шақырым коммуникация пайдалануға берілген. Жалпы алғанда, қазіргі жобалар шамамен 5,5 мың тұрғынды орталықтандырылған желімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұған қосымша ескірген мекемелік желілері бар аудандарда 29 шақырым инженерлік желіні салу мен қайта жаңарту бойынша үш жоба әзірленбек.

«Біз тозығы жеткен желілер мәселесін жүйелі түрде шешіп жатырмыз. Негізгі міндет – тұрғындарды тұрақты әрі сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету», – дейді аудан әкімі Абзал Егембердиев.

Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер бірнеше шағынауданда 2,7 шақырым су құбыры мен кәріз желісін қайта жаңартуды жоспарлап отыр.

Жарықтандыруға да ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері 6,3 шақырым кабель желісі қалпына келтіріліп, 51 тірек орнатылып, 755 шам ауыстырылды.

2026 жылдың соңына дейін:

• 29 шақырым желі қалпына келтіріледі,

• 318 тірек орнатылады,

• 2745 шам ауыстырылады,

• 20 жарықтандыруды басқару шкафы жөнделеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көше жарығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);