Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматының ақылы жолы күніне қанша ақша табады?

Алматының ақылы жолы күніне қанша ақша табады?

Экономика 02.08.2021, 13:21 2,349
Алматының ақылы жолы күніне қанша ақша табады?
Сурет: Aіkyn.kz

Алматы облысында ақылы екі жол учаскесі бар.


«ҚазАвтоЖол» компаниясы «Алматы-Қорғас» ақылы жолы күніне қанша қаражат түсетіні және оның қайда жұмсалатынын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Компанияның мәліметінше, Алматы облысында ақылы екі жол учаскесі бар. Олар - «Алматы-Шелек-Қорғас» және «Алматы-Қапшағай-Талдықорған» жолы. Бұл жолдар жүк көліктерінің жүктемесіне төтеп беру үшін бетоннан жасалған. «ҚазАвтоЖол» ЖШС-ның «Алматы-Қорғас» ақылы жол бөлігінің басшысы Марат Сырымбай бұл бағытта жүретін көліктен күніне 1 млн 400 мың теңгеге жуық қаражат түсетінін айтады. 



«Алматы-Қорғас» ақылы тас жолы 2018 жылы пайдалануға берілген. 295 шақырымды тас жол бірінші дәрежелі 1Б жолына жатады. Күніне 400 мыңнан астам көлік жүреді. Ақылы жолдың тарифі 1-25 теңге аралығында. Жеңіл көліктер 1 шақырымға 1 теңге төлесе, жүк көліктеріне баға басқаша. Ақылы жолдың осы аумағынан күніне 1 млн 400 мың теңге қаражат түседі», - дейді ол. 



Марат Сырымбай жолдың бүлінген бөлігін лезде жөндеп, қыста қардан тазартып, тайғақ жерге құм себілетінін айтады. 



«Көліктен түскен қаражат жолды жөндеуге, оны қалыпты жағдайда ұстап тұруға жұмсалады. Биыл 1200 шаршы метр аумаққа орташа жөндеу жұмысы жасалды. 317 шаршы метр аумақта жолдың жарығы бітелді. Сондай-ақ 616 шаршы метр аумақты құрайтын асфальт бетонына жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Жақында күннің қатты ысуынан төрт жерде бетон көтеріліп кетті. Оны сол күні қайта жөндедік. Бұл жол Қытайға апаратындықтан, әсіресе, жүк көліктері пайдаланады. Алайда пандемия басталғалы көлік ағыны азайды. Бетоннан жасалған жол ауыр жүкке шыдамды», - дейді жолдың басшысы.






 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ақылы #жол #қапшағай #қорғас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика